16 Қазан, 2015

Қостанайда «Өрлеу» үздік ұстаздар үшін брифинг өткізді

494 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
16-10-2015-UstazҚОСТАНАЙ. 16 қазан.  Облыстық баспасөз клубында «Өрлеу» біліктілікті көтеру ұлттық орталығының филиалы – Қостанай облысындағы педагогика қызметкерлерінің білктілігін көтеру институты республикалық «Үздік педагог-2015» байқауының жеңімпаздары үшін брифинг өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Үздік педагог» республикалық байқауы төрт жылдан бері педагогикалық мамандық беделін көтеріп келеді. Биыл өткен «Үздік педагог-2015» байқауында еліміздегі 297 мың мектеп мұғалімдері мен 45 мың колледж оқытушылары арасынан қостанайлық екі мұғалім жеңімпаз атанды. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру жүйесінде Рудный қаласындағы №7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қымбат Бірманова мен  техникалық және кәсіби білім саласында Қостанай политехникалық колледжінің арнайы пән мұғалімі Екатерина Риженко өзінің жоғары біліктілігін мойындата білді. Брифингте республикалық сырттай байқаудың жеңімпаздары журналистерге өздерінің педагогиткалық қызметіндегі негізгі бастамалары туралы айтып берді. Қымбат Исламбекқызы мен Екатерина Терентьевна педагогикалық тәжірибелерінде білім алушыларға оқу және ғылыми-көпшілік ақпаратты табуға ізденгенде, оны өңдеп әрі ұсыну үшін инновациялық әдістерді белсенді пайдаланалады. Ұстаздардың білімділігі, білімдарлығы, біліктілігі, еңбекқорлығы, адамдарға жуықтығы, тіл табыса білетіндігі оқу үдерісін тиімді және танымды етумен бірге ұжымда өзін үздік және кәсіби ұстаз атануға ықпал етеді. Байқау жеңімпаздары журналистердің көптеген сұрақтарына жауап берді. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Марионелла Слесарь: «Өз мамандығыңда үздік шығу, әрине, жақсы. Бірақ мұның жауапкершілігі өте жоғары. Ұстаздың еңбегінің қаншалықты ауыр екендігін мен айтып жатпай-ақ қояйын. Біздің ұстаздар уақыт талабына ілесуді мақсат тұтады. Балаларға сапалы білімді білікті ұстаздар береді. Сол үшін жас мұғалімдердің өз мамандығын сүйіп, үздіктерге еліктеуін қалар едім», – деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz.