АЛМАТЫ. 22 мамыр. Өзбекстанның Орталық банкі шетелдік валюталардың барлығына алмастыру операцияларын тоқтатты. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мұндай тыйым салу шілде айының басына дейін сақталуы мүмкін. Бұл туралы ca-news хабарлады.
Басылым – бұған дейін Орталық банк елдің премьер-министріне ақша қорының тапшылығы туралы ескерткен дейді. Өткен аптада ел астанасындағы «қара базарларда» бір АҚШ долларының құны 5 мың өзбек сомына дейін көтеріліп, рекордтық деңгейге жетті. Наурыз айында ол көрсеткіш 3700 сум болған. Соған қарамстан Орталық банктің 21 мамырға дейінгі бекітілген ресми бағамы 2527 сумды құрап тұр.
2013 жылдың 1 ақпанынан бастап Өзбекстанда жеке тұлғаларға шетелдік валюталар сатылмайды. Жеке тұлғалар қажетті жағдайда Орталық банкке барып, ондай ақшаны пластикалық карточкаға аударып алуға ғана мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, ел ішінде шетелдің валюталармен сауда жасауға да тыйым салынған.
Талғат Сүйінбай.
Дерек: ca-news.
Сурет: gazeta.uz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше