ӨСКЕМЕН. 16 қазан. Рухани келісім күні қарсаңында Өскемендегі киелі Троицкий шіркеуіне жүргізілген қайта жөндеу жұмыстары аяқталды. Осы шараға орай облыс орталығына митрополит Александр келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыс әкімі Даниал Ахметов Қазақстанның православиялық шіркеулерінің басшысымен кездесу барысында конфессияаралық келісім мен байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.
Киелі Троицкий шіркеуі Өскемен қаласындағы алғашқы тастан қаланған шіркеу және сәулеттік ескерткіштер санатына жатқызылған ғимарат. 2013 жылы басталған жөндеу жұмыстарынан соң шіркеудің алғашқы қасбеті қалпына келтірілді.
Кездесу аясында Даниал Ахметов митрополитті алдағы мерекемен құттықтай отырып, облыс әкімдігінің әрі қарай да көмек қолын соза беретінін жеткізді.
Өз кезегінде митрополит Александр облыс әкіміне жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, атқарылған істің ұжымдық еңбек һәм епархия жұмысы мен барлық тараптан берілген көмектің арқасында орындалғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ ол шығысқазақстандықтарды Қазақ хандығының 550 жылдығымен және басқа да мерейтойлармен құттықтады.
Қазіргі кезде облыста Қазақстан православтық шіркеулерінің Өскемен және Семей епархиясында жергілікті 41 діни бірлестіктер тіркеліп, қызмет етуде.
Думан Анаш.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше