АҚТАУ. 22 мамыр. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында жыныстық құлдықтағы шетелдік әйелдер босатылды. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасап, egemen.kz тілшісі хабарлады.
Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Жаңаөзен қаласында жыныстық құлдықта болған Қарақалпақстан республикасының үш әйелін босатты. Бұл аталған департаменттің 18-22 мамыр аралығында жүргізген «Нелегал-2015» шұғыл-алдын алу шарасы кезінде жүзеге асырылды.
Маңғыстауға Қарақалпақстаннан жұмыс іздеп келген 3 жас қыз Жаңаөзен қаласындағы «Арай-2» шағын ауданында орналасқан саунаға жұмысқа тұрады. Саунада өз жерлестері, яғни, 38 жастағы қарақалпақстандық әйел олардың барлық құжаттары мен ұялы телефондарын алып, «егер шағым айтса, миграциялық полицияға тапсыратындығын» айтып қорқытып, 2 ай бойы еріксіз жыныстық қызмет көрсетуге жұмсайды. Бір қыз саунадан қашып шығып, ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына шағымданады. Нәтижесінде полицейлер аталған саунаға келіп, құлдықтағы әйелдерді құтқарады.
Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда оқиғаға орай Қылмыстық кодекстің 308 және 309-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: lada.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше