17 Қазан, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №806

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 қыркүйек,  Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 423 және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2014 жылғы 31 мамырдағы №599 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі №423 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №31, 275-құжат); 2) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы №599 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 37, 361- құжат). 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.