ПЕТРОПАВЛ. 22 мамыр. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов аймақтық Индустрияландыру картасына кірген кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде оған 39 солтүстікқазақстандық компания енгізіліп, 20 жобаны биыл пайдалануға беру ұйғарылған. «Радуга» ЖШС пластмасса, металл және құбыр бұйымдары өндірісін алғашқылардың қатарында іске қосты. Мұнда озық технологияларды қолданудың арқасында жылдық қуаттылықты 1 000 тоннаға дейін жеткізу көзделген. «ЖНВ» ЖШС Индустрияландыру картасына сапалы ет өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісінің көлемін өсіру жобасымен кірді. Жылына 180 тонна ет өнімдерін шығару мақсатымен Беларусьтен асыл тұқымды малдар сатып алынды. Қызылжар ауданындағы «Зенченко и К» командиттік серіктестігінде екі жел-энергетикалық құрылғы бой көтерді. Нәтижесінде электр энергиясына қажеттілік толық қанағаттандырылды.
Жуырда облыстық Индустрияландыру картасына кіретін тағы үш жоба қолға алынды. Мәселен, Аққайың ауданындағы «Ростан» ЖШС-де өндіріс орындарын жаңғырту арқылы қосымша 140 тонна сүт өндіру жобаланған. Петропавлда «Полимер композиттері зауыты» ЖШС композит материалдары цехтарын кеңейтіп, шетел нарығына шығуды межелеп отыр.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше