2015 жылғы 24 тамыз, Астана қаласы
Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген бағалы металдарды,
бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге тыйым салуды
енгізу туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге төрт ай мерзіміне тыйым салу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов):
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;
2) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарласын;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі белгіленген тәртіпте:
Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салу туралы хабардар етсін;
Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Еуразиялық экономикалық одағына мүше басқа мемлекеттердің осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараларды қолдануы туралы ұсынысты енгізсін.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов):
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларының орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы С.САРСЕНОВ.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
_________________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы 25 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
министрі_________________Е. Досаев
2015 жылғы 25 тамыз
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 тамыздағы №867 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге рұқсат берілмеген өңделмеген бағалы металдар,
бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары
№ Тауардың қысқаша атауы СЭҚ ТН коды
1. Өңделмеген немесе жартылай өңделген, немесе ұнтақ түрдегі алтын (платинадан алынған гальваникалық қаптамасы бар алтынды қоса алғанда):
– монетарлық емес:
– – ұнтақ;
– – өзге де өңделмеген нысандарда:
– – – өзгелері (өңделмеген, сол сияқты тазартылған түрдегі, тазалығы лигатуралық салмақтың 1000 үлесіне қатысты 995 мың үлеске тең немесе одан артық, бұл 995 сынамаға, 995 промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес түйіршіктелген алтынды қоспағанда);
7108 11 000 0
7108 12 000 9
2. Бағалы металдар немесе бағалы металдар жалатылған металдар қалдықтары мен сынықтары; негізінен бағалы металдарды шығару үшін пайдаланылатын, құрамында бағалы метал немесе бағалы металдардың қосылыстары бар өзге қалдықтар мен сынықтары:
– – алтын жалатылған металды қоса алғанда, бірақ құрамында басқа да бағалы металдар бар қалдықтарды қоспағанда, алтын
7112 91 000 0
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11965 болып енгізілді.