22 Мамыр, 2015

Қостанай облысында резерваттағы табиғи апатты жою жалғасуда (фото)

593 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22.05.2015 QosҚОСТАНАЙ. 22 мамыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының Қостанай қаласындағы №6697 әскери бөлімінің жеке құрамы Амангелді ауданындағы табиғи апаттың зардаптарын жою жұмыстарына қатысуда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 22.05.2015 Qos-1Әскери бөлімше командирінің орынбасары Нұрбол Амандықов басқаратын жеке құрамы 18 мамырдан бастап «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватындағы қырылған киіктердің өлексесін жою жұмыстарын атқарып жүр. Далада өлген киіктерді теріп, тасу жұмыстары оңай болып тұрған жоқ. Сарбаздар ауа райының қолайсыздығына, жұмыстың ауырлығына қарамастан барлық тапсырылған міндеттерді мінсіз орындауда. 22.05.2015 Qos-2№6697 әскери бөлімшесіндегі клуб меңгерушісі Зарина Байғазинова: «Бұрын әскери бөлімше қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, қазір заң актілерінің бекітілуіне сәйкес  әскери қызметкерлер табиғи апат  зардапдарын жою жұмыстарына көмектеседі», деді. 22.05.2015 Qos-3Әскери бөлімше оқиға болған жерге 6 шатыр тікті, дала қосын орнатты. Сарбаздар Отан, мемлекет алдындағы барлық тапсырмаға әрқашан дайын. Табиғи апат орнындағы жұмыстарға сарбаздар күші үлкен көмек болып тұр. Отан алдындағы парыз мінсіз орындалуда. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар