Атырау облысының полицейлері «Контрафакт» жедел алдын алу шарасында заңсыз сауда айналымынан DVD түріндегі дискіні тәркілеп, зияткерлік меншік құқығын бұзған 8 фактіні анықтады.
«Шара барысында полиция қызметкерлері жасырын түрде пайдалану үшін аудио-бейне камерасы орнатылған сағат сатып тұрған азамат анықталды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 399-бабы бойынша қылмыстық іс көтерілді. Сонымен қатар, порнографиялық белгілері бар 12 фильм жазылған 1 DVD дискіні сатып тұрған атыраулық тұрғынның үстінен Қылмыстық кодекстің 311-бабымен қылмыстық іс көтерілді. Бұдан бөлек 24 жастағы азаматтан 22 дана контрафактілі дискілер табылды. Тағы бір азаматтан дәл сондай 12 дискі саудалау кезінде тәркіленді. Бұлардың үстінен Қылмыстық кодекстің 198-бабымен қылмыстық іс қозғалып, олардың контрафактілі дискілерді қайдан алғаны тексерілуде. Криминалды полицияның жедел қызметкерлері зияткерлік меншік құқығын бұзған 8 фактіні анықтады. Олардың ішінде контрафактілі тауарларды заңсыз тарату, DVD дискілерді сату бойынша 20 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, заңсыз айналымнан 100-ден астам DVD дискіні тәркіледі» деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.
Жолдасбек Шөпеғұл.
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше