Жақында Қазақстанның Вашингтондағы елшілігінде Астана күні құрметіне қабылдау өтіп, оған еліміздің 100-ден астам достары – Американың қоғамдық, іскер, сараптама топтарының және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында «Amazon.com» онлайн дүкендер желісінде бестселлер атанып, биыл «Moritz Thomsen Peace Corps Experience» жүлдесіне ие болған «Қазақ даласының үйлері: Әлем корпусы қызметкерінің естеліктері» (At Home on the Kazakh Steppe: A Peace Corps Memoir) кітабының тұсаукесері өтті.
Вермонт штатының тұрғыны кітап авторы Джанет Гивенс 2000-жылдардың басында Қазақстанға ағылшын тілінің оқытушы маманы ретінде келген кездері жайлы жылы лебізді естеліктерімен бөлісу үшін АҚШ астанасына арнайы келді. Ол Қазақстан халқының бауырмалдық, қонақжайлылық қасиеттерін атап өтіп, өз шығармасынан «дархан көңілді қазақ халқының қонақжайлылығы мен жылы құшағын сезіну үшін» оқырмандарын Қазақстанды барып көруге шақыратын үзінділерін оқыды.
Келген қонақтар Қазақ елінің болмысын ғана емес, сондай-ақ, оның қарқынды дамуы мен жас Астананың өсіп-өркендеуі туралы мол мағлұматтар алды. Олар еліміздің мақсатқа жету жолындағы табандылығын, ақыл-ой көрегендігін, болашаққа деген нық сенімін, саяси тұрақтылық және жедел экономикалық өсімін Мемлекет басшысының данагөй, көреген саясатымен байланыстырып, жоғары бағалады. Елдің «100 нақты қадам», «Нұрлы Жол», «ЭКСПО-2017», «Қазақстан-2050» секілді бастамалары оның «визитті карточкасына» айналды. Астана туралы деректі фильм жиналғандардың Қазақстанның жарқын болашағына сенімін растады.
Америкалық қонақтар бүкіл қазақстандықтарды және Елбасын тәуелсіз Қазақстанның бейнесіне айналған Астананың таңғаларлық табыстарымен құттықтап, өсіп-өркендеуіне тілектерін білдірді.
«Егемен-ақпарат».

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40