ЭКСПО-ның бірнеше негізгі мақсаты болса, оның басында туризмді дамыту да бар. Қазақстанға келетін туристер санын арттыру арқылы туризмді табыс көзіне айналдыру әлмисақтан арман. Ал алдағы көрмеге екі миллионнан астам жергілікті және шетелдік туристер келеді деп болжам жасалып жатқаны белгілі.
– Бұл – нақты болжам, нақты сандар. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы бірнеше әлемдік туроператорлармен келісімшарт жасап үлгерді. Олар өз кезегінде, 2017 жылы Қазақстанға турларды сататын болады. Бұл ретте, пакеттік турлар ЭКСПО+Бурабай, ЭКСПО+Алматы және басқа бағыттар ұсынылады, – дейді «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов.
Сонымен жақында Алматы әуежайында «Эмбраер 190» ұшағына Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің логотипі орналастырылды. Бұл борт – көрме логотипімен брендтелген алғашқы ұшақтардың бірі.
Осынау бастама «Астана ЭКСПО-2017» ҰК»АҚ пен «Эйр Астана» АҚ арасында қол қойылған ынтымақтастық меморандумының аясында жүзеге асырылып отыр. Алдағы уақытта ЭКСПО логотипі компания әуе паркіндегі 30 ұшаққа қойылатын болады. «Эйр Астана» «ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми тасымалдаушысы» эксклюзивті мәртебеге ие және «Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ресми серіктесі болып табылады. Бұл меморандумға ағымдағы жылдың 17 тамызында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостер қол қойған болатын.
Келесі жылдың басынан серіктестер халықаралық деңгейде көрмені ілгерілетуге қатысты арнайы науқанды жүзеге асыруды бастайды деп күтіліп отыр. «Эйр Астана» әуе компаниясының қазіргі таңда серіктестік жүйесі, оған қоса 40 000 агенттері бар. Сондай-ақ, әуе компаниясының транзиттік жолаушылары көрме өткізілетін күндері көрмені тегін тамашалай алады.
Астанадағы көрме «жасыл» энергетика аясында өтеді, сондықтан энерготұтыну, энерготиімді технологияларды пайдалану мәселелері іс-шараның басты тақырыбына айналмақ. «Эйр Астана» президенті Питер Форстердің айтуынша, ауаға залалды қалдықтардың шығарылуын барынша азайту компанияның басымдылықтарына жатады. Соңғы әуешоуда Ле Бурже қозғалтқышы зиянды шығынды 15 пайызға қысқартатын NEO буынына жататын Airbus A320 сатып алу ниетімен бөліскен еді.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
• 17 Қазан, 2015
«Эйр Астана» әуе көліктері ЭКСПО-2017 логотипімен ұшады

Қоғам • Бүгін, 21:50
Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
Елорда • Бүгін, 20:55
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55