ҚОСТАНАЙ. 22 мамыр. Қостанайда Мәдениет күні аталып өтті. Онда облыста осы саланың майталмандары облыс әкімінің грамотасымен марапатталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қостанайда мәдениет саласында жүрген қызметкерлерге жыл сайын төл мерекелерінде құрмет көрсетіледі. Биыл да олар облыс орталығындағы Достық үйінде жиналды. Осында өткен дөңгелек үстел мәжілісінде оларды облыс әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев құттықтады. Ол мәдениет саласының қызметкерлеріне облыс әкімінің грамотасын тапсырды.
Мұрат Дәрібаев: «Біздің Елбасы экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуымыздың маңызды факторына демеуші болатын ақпараттық-мәдени орта құруды әрдайым айтып келеді. Оны құру мәдениет қызметкерлері сіздердің қолыңызда», деді.
Мұнан кейін облыстық мәдениет басқармасының басшысы Лариса Сероус баяндама жасап, облыстағы атқарылған істерді шолды. Облыста «Золотой микрофон» ән байқауы 13 жылдан бері өтіп келеді, соның арқасында әр елден келіп қатысқан 75 талант белгілі болды. Облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі жәдігерлерді бір жылда 117 мың адам келіп тамашалаған. Музейдің облыс өңіріндегі археологиялық ескерткіштерді оқырманға паш етуі де өз алдына үлкен әңгіме, игі жұмыс.
Кітапхана саласында да жыл бойы игі жұмыстар үзілмейді, соңғы жылдары кітап оқу онкүндіктері жиі өткізіледі. Театр, кино театрлар халыққа мінсіз қызмет етеді. «Осылардың барлығын мәдениет саласында қызметкерлер армиясы атқарады» дей келіп, Лариса Александровна сала қызметкерлеріне облыстық Мәдениет басқармасының грамотасын тапсырды. Сонымен қатар Мәдениет абсқармасының басшысы мәденеит саласында өзідерімен тығыз байланыста жұмыс істейтін Жазушылар, Суретшілер одақтары жергілікті филиалдарының басшыларына, журналистерге де алғыс хат табыс етті.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz