ҚОСТАНАЙ. 22 мамыр. Қостанай облысында толассыз жауған жаңбыр диқандарға көктемгі дала жұмыстарын жүргізбей отыр. Облыс бойынша небәрі 264 мың гектар алқапқа ғана дән себілген. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бүгінде аздаған жұмыс тек облыстың оңтүстігіндегі Аманкелді, Жанкелдин, Жітқара, Денисов, Науырзым аудандарында ғана жүріп жатыр. Оларда барлық алқаптың 10-30 пайызы аралыығнда дән себілді. Алайда қалған аудандарда толассыз жаңбырдан трактор жүре алмай тұр. Қостанай ауданында барлық алқаптың 0,3 Меңдіғара ауданында 0,6, Федоров ауданында 0,1 пайызына ғана дән сіңірілді. Күн де жауған жаңбыр жердің кебуіне мұрсат бермей жатыр. Соңғы көп жылдардың тәжірибесі бойынша мамыр айында 33 мм жаңбыр жауады екен, ал биыл мамыр айының екі он күндігінде бұл көрсеткіш 66 мм болған.
Обылстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Сәлімжан Есенаманов: «Облыс алқаптарында жаңбырдың салдарынан қиын жағдай қалыптасып отыр. Аграрлық талаптар бойынша дән жерге мамыр айының 15-нен 1 маусымға дейін сіңірілуі керек. Мамырдың 15-нен бүгінге дейін егілген егін алқабы 500 мың гектарға жеткен жоқ. Өткен жылдың осы мерзімінде облыста 961 мың гектарға дән себілген еді. Синоптиктер алдағы аптаның соңына қарай тағы да жаңбыр жауатынын айтып отыр» деді.
Облыста барлығы 4 миллион 700 мың гектарға егін егілуі керек. Оның ішінде дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдастар 4 миллион 143 мың гектарға себілуі тиіс. Жаңбыр жауған сайын арам шөп те қаулап барады. Диқандарды бұл да мазалап отыр.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 22 Мамыр, 2015
Жаңбырдан қырда дүбір бәсеңдеп тұр - Қостанай облысы

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше