ҚОСТАНАЙ. 22 мамыр. Қостанай облысында өрттен ажал құшқандар саны азаймай тұр. Биыл жыл басынан бері 15 адам от құшағында жан тапсырған. Өрттен болған адам өлімі өткен жылдың алғашқы төрт айы мерзімімен салыстырғанда 66 пайызға өскен. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осы 15 адамның 14-і жеке тұрғын үйлерде шыққан өрттен қаза тапқан. Жалпы жылдың басынан бергі 4 айда облыста 294 өрт тіркелген, адам шығынын айтпағанда, 3 миллион 523 мың теңге материалдық шығын болған. Облыста орын алған өрт оқиғалары өткен жылдың алғашқы төрт айымен салыстырғанда 4 пайызға көп. Өткен жылдардағы секілді өрттің негізге басым бөлігі тұрғын үйлерден шығады, биыл оларда 200 өрт тіркелген. Олардың саны қала мен ауылда бір деңгейде.
Облыстағы Төтенше жағдайлар депармаменті бастығының міндетін атқарушы Виктор Шиллердің айтуынша, өрт болған жерде адамдарды өлімі олардың сасып қалуынан, өртті сөндіруде дұрыс әрекет етпеуінен, сонымен қатар ұйықтап қалу және ішімдік ішуден болады.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Виктор Шиллер: «Үйлердегі өрттің шығуына да, адам өліміне басты себеп адам факторы. Пешті жаққанда ережелер дұрыс сақталмайды және ішімдіктің салдары мол. Қазір өртке қарсы қызметтің жеке сектордағы үйлерде тексеру жұмыстарын жүргізуі заңдарда қаралмаған. Әсіресе, тұрғындармен ақпараттық-насихат жұмыстарына қатысты», деді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше