ҚОСТАНАЙ. 22 мамыр. Қостанай облысындағы елді мекендерде, шаруашылықтарда өрт сөндіру бекеттері құрылуда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ауылды жерлердегі алғашқы өрт сөндіру бекеті Әулиекөл ауданындағы Диев ауылында ұйымдастырылды. Сонан кейін осы аудандағы Первомай селосында да құрылды. Сонымен қатар Сарыкөл ауданындағы Веселоподол ауылында да өртке қарсы бекет құру мәселесі қаралып жатыр. Жаз айларында орманды жерлерде де, далада да өрт жиілейді. Ондай кездерде аудан орталықтарындағы өрт сөндіру бекеттерінен машина, өрт сөндірушілер жетем дегенше, жел өртті өршітіп, шама бермей кететін кезде жиі кездеседі. «Диев» агрофирмасының жетекшісі, белгілі шаруашылық ұйымдастырушы Олег Даниленко бұл мәселеге жіті қарады. Өйткені асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын шаруашылыққа шөптің өртенгені аса көп шығын болып есептелер еді. Сондықтан шалғайда жатқан шаруашылық басшысы өздерінде өрт сөндіру бекетін салуға тәуекел еткен.
Облыстық төтенше жағдайдар департаменті бастығының міндетін атқарушы Виктор Шиллер: «Диевтегі өртке қарсы бекет сол маңдағы 300 тұрғыны бар 3 елді мекенді, орман алқаптарын тілсіз жаудан қорғайды. Оған Қостанай облыстық төтенше жағдайлар депармаментінің өрт сөндіру және апаттан қорғау басқармасынан арнайы машиналар, өртке қарсы қолданатын жабдықтар, жаттықтырылған мамандар мен жүргізушілер бөлінді. Осы бекеттің күшімен Диев ауылында бір және екі дала өрті сөндірілді», деді.
Облыста барлығы 40 өрт сөндіру бекеті құрылатын болады. Олар 80 мың тұрғыны бар 150 елді мекенді қызы жалыннан қорғайды.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше