05 Шілде, 2015

Телефон арқылы сөйлесті

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун­мен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Телефон арқылы сөйлесуге БҰҰ Бас хатшысының кеңсесі бастамашылық етті. Тараптар Қазақстан мен Ұйым ара­сындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен болашағын талқылады. Мемлекет басшысы Ұйымның бей­бітшілік пен қауіпсіздікті, орнықты дамуды және халықаралық қоғамдастық мүшелері арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етудегі жетекші рөлін атап айтты, сондай-ақ, еліміздің БҰҰ міндеттері мен мақсаттарына адал екеніне сендірді. Пан Ги Мун Қазақстанның халық­ара­лық саясаттың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру және шешуге қо­сып отырған үлесін жоғары бағалады.