22 Мамыр, 2015

Қостанайда 32 адам мерекелік медальмен марапатталды

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22.05.2015 Qos-12ҚОСТАНАЙ. 22 мамыр. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалімен облыста түрлі салада еңбек сіңірген 32 адам марапатталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы меңгеоущшісі-хатшысының міндетін атқарушы Гүвира Құдайқұлованың айтуынша, осы медальмен обылста 75 адам марапатталуы тиіс. Олардың арасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, кәсіпорын жетекшілері, этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, ғылыми және шығармашылық  зиялы қауым, өкілдері, мәслихат депутаттары, меценаттар,  тағы басқалар бар. 22.05.2015 Qos-13Достық үйінде облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Есжанов 32 адамға медальді салтанатты түрде табыс етті.  Ол медальді ең бірінші Ұлы Отан соғысының ардагері Қабден Ыбыраевтың кеудесіне тақты. 92 жасқа келіп оытрған Қабден атай Ұлы Отан соғысында Таганрогты, Дондары Ростовты қорғауға қаытсты. 3 дәрежелі Даңқ, 1 дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.  Қабден атайдың 7 баласы, 31 немересі, 19 шөбересі бар. Сонымен қатар мерекелік медальмен көп балалы ана Гүлжауһар Төлегенова да марапатталды. Ол 9 бала тәрбиелеп отыр, оның 8-ін асырап алған.  Биыл облыстық ассамблеяның бастамасымен Төлегеновтер отбасына үй салып берілді, оған этномәдени бірлестіктер 5 миллион теңге ақша жиып берді. Гүлжауһар Төлегенова: «Біздің шаңырағымызға үй көтеріп берген барлық қостанйлықтарға рахметімді, алғысымды айтамын. Біздің отбасымыз алдағым жақын күндері тағы да толығатын болады.  Менің ұлдарым мен қыздарым еліміздің патриоты болып өседі, Қазақстанның дамуы үшін үлес қосатын болады. Мен осыған сенімдімін», деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz