Біз көп жағдайда ұлт құндылықтарының «шырақшысы» рухани саланың өкілдері деп айтамыз. Бірақ көңілінің түбінде сәулесі әу баста бар қаны таза, жаны жайсаң адам мамандыққа қарамайды екен. Ұлт ісіне сараңдық жасамайды, өзін де, өзгені де алдаусыратып сықпыты кеткен сылтауды айтпайды. Осыдан да болу керек, атам қазақтың сезім көзінің ашық, жабығын айта беретіні.
Ондай жандармен «Сөнген ойды жандандыруға жан беретін сөз керек», деп философ ақын Шәкәрім қажы айтқандай, сөйлесе қалғанда сарайың ашылып, тілдессең тіршіліктің өмірі бітпейтін күңгірті жарыққа ұласып, жүзінен ызғар емес, жылу шашып жадырататын, алысыңды жақындатып, кеміңді толтырып, жоғыңды тапқандай болатының бар. Біз бұл сөздерді шағын мақаланың шарасын кеңейту үшін емес, ақиқатқа арқау еткелі отырған азаматымыздың бітім-болмысын жұртқа жеткізу үшін айтып отырмыз. Ол талтүстен асып, жеті белеске жетіп, күздің сап-сары алтын масағындай толысқан, жұртына сыйлы, еліне қадірлі, еңбек еткен ортасына тастай батып, судай сіңе білген Мұхамедқали Жұмабекұлы Қазым еді.
Сөз басын мамандықтан бекер айтпаған едік. Мақаңның мамандығы есепші. Ауылда жүргенде шоттың тасын тасқаяқтай қағыстырса, кейін Ауыл шаруашылығы, Балық шаруашылығы, Әділет министрліктерінде, өзге де мәртебелі мекемелерде мамандығына сай қызмет атқарған. Одан соң бас басылымға ауысып, жиырма жылға таяу уақыт бас есепші болып, зейнетке шықты. Біз Мақаңмен әңгіме-дүкен құрғанда әріптесіміздей көретін едік. Ел ішіндегі көне көздердің үлгі-өнегесін қала жұртының қарбаласымен ұштастырғанда жымын білдірмей жіберу өз алдына, алар үлгі, тағылым, тәлім аз болмайтын. Өзі туып-өскен Сыр өңірінің, кіндік қаны тамған Шиелі аумағының сүлейлерін, атүстіндегі игі жақсыларды, қарапайым еңбек қаһармандарының атқарған жұмысы мен тапқырлығын таразы басында теңдей отырып ой тербегенде көп жайға қанық боласың. Ағайын-туыс туралы әңгіме-дүкен құрғанда әрқайсысының тек тамырын түгендеп, жаңылмай сөз еткенде жадының мықтылығына қайран қаласың. Мұндай адами қасиеттің тамыр бастауы қайда дегенге ой жіберіп көрсең, әкесінен дарығанын білесің. Жұмабек елге сыйлы болуымен қатар, ұлттық салт-дәстүрді жетік білетін, аттың сынын тап басып айтатын қасиеті де болыпты. Жақсының ақыл-парасаты ұстай алған балаға дарымай қалмаған ғой. Өз мамандығы бойынша алғырлығы мен алымдығы, қамшы салдырмайтын қабілеті тіпті бөлек.
Мұхамедқали Жұмабекұлының ең басты қасиеті «өзі болған қыздай» танаурамайтын адамдығы, азаматтығы, кең ойлап, кең пішетін кісілігі мен кішілігі дер едік. Ол таныса келе табысып, бауыр болып кеткен жора-жолдасына қашанда адал екенін әркез аңғартып жүреді. Шамасы жетсе қамқорлық жасайды, қайырымдылық көрсетеді. Қызметте жүргенде ағаларының алдын қиып өтпейтінін, інілерін іздеп, қанаттануына қамқор болатынын арагідік айтып отыратын. Қазір ағаларының ізін өзі басып, інілерінің ізетін, көрсетіп жүрген құрметін әңгіме желісіне арқау еткенде, бір ауыз жылы сөз, жасаған жақсылығың зая кетпейді екен-ау дейсің. Мақаң әркез жігерін жанып, қайратын ұштап жүретіндігінен шығар, жеті белеске көтерілсе де қалыбын бұзбай келеді. Бұл күндері іздей қалсаң ол Сыр елінде, Еділ бойындағы қайын жұртында, Алматы өңірінде жүргенін естисің. Бір ғажабы, соның бәрін көбіне машинамен аралайды. «Шаршамайсыз ба?», десең: «Неге шаршаймын. Баяғыда аталарымыз осы байтақ даланы атпен шарлағанда шаршадым демеген ғой. Мен неге шаршауым керек?», деп өзіңе қарсы сұрақ қояды.
Ұлтқа ортақ жақсыларды бөліп-жармай бауыр санайтын Мұхамедқали Жұмабекұлы Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» атты поэмасын жиі еске алып, кей жолдарын жатқа айтатын. Бірде оның себебін алға тартты. Ұлының аты – Райымбек екен. «Мен батыр баба туралы деректерді зердемнен біраз өткіздім. Райымбек те, Мұқағали да қасиетті, киелі адамдар екен. Екеуіне де тәу етіп жүремін. Балаларыма да соны үлгі етемін. Қазір Райымбегім отау тігіп, от жағып, немере сүйгізіп отыр», дейді.
Ақыл мен батырлық басына тең қонған Бауыржан Момышұлы қарттықтың үш түрлі болатынын айтады. Осы жағынан келгенде, біздің Мақаң отбасы, ошақ қасынан емес, елдік істің ұйытқысы болып жүргеніне талай мәрте куә болдық. Ол бүгінде жетелі әңгіменің тиегін ағытып, алдыңғы толқынның жолын қайтсем үзіп алмаймын, өнегесін өртке жібергендей етпеймін дегенде, шертер сыры, кейде қауіп қылғаннан айтар ойлары да молынан. Жұртқа қайтсек тіреу, ұрпаққа тірек болу жайын еске салады. «Осы біз бәрін заманға жаба салғымыз келеді. Заман дегеніміз, адам емес пе? Сен, мен, ол ғой. Шіркін, бір дәуірлердегі көңілі кірсіз, қулығы жоқ, сұмдықтан таза абыз әкелер мен аналардың салт-санасын қайтарсақ, ала-құла күнкөрісті бүгінімізбен ұштастырсақ ұлттық менталитетімізден уақыт өте келе көз жазбас едік», дейтіні бар. Ойлы жанның ой түкпіріндегі бұл толғанысы түсінгеннің түйсігіне жетсе, толқын-толқын ұрпақтың әрқайсысы өз мәресін біліп, қадір-қасиетін ұғар еді.
Мұхамедқали Жұмабекұлы – үлгілі отбасы. Жары Ақырыс Құсайынқызы айтулы Бөкейхан тұқымынан. Нағашы жұрты: «Адал сүт әз анадан емген ердің, Көңілі елге қарай иеді екен... Ау, Алаш, заман жайын білеміз бе? Құлаққа айтқан сөзді ілеміз бе», деп өткен ғасырдың басында ұлтын береке-бірлікке шақырған Алаш арысы Ғұмар Қараш екен. Мақаң өз еліндегі жақсы істерге ұйытқы, демеуші болумен бірге, отызыншы жылдардың ойранында Бөкей ордасының құнарлы жерінен жан сауғалап Ресейдің Сартауына барған қайын жұртына да шарапатын тигізіп, атақонысына оралуына ұйытқы болуда. Сөзіміз жалаң болмасын, Ресей жеріндегі қазақтардың арасынан шыққан Ғұмар Қараштың немере қарындасы Бәдеш Мәжікенқызының артында қалған мұрасын жинақтап 2009 жылы «Ананың жүрек лүпілі» деген жинақ шығарды. Сол рухани құндылықты оқып отырғанда шеттегі ағайындардың шер-мұңын сезесің.
Жаратылысынан адамға қамқор болуды мақсат еткен Мақаңның әрбір жақсы ісі еске түскенде «Болсашы қазақтардың бәрі осындай» деген ой айдындағы желкендей желбірейді.
Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан».

Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15