АСТАНА. 5 шілде. Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктер фронталді бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейетінін айтуда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
«Қазгидромет» мамандары Қазақстанның солтүстігі мен шығысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал деп отыр. Ал оңтүстік пен батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Қостанай облысында түнде кей жерлерде найзағай, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с соғады. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысында қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше