ПЕТРОПАВЛ. 22 мамыр. Облыс орталығында тұратын 10 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жәрдем жүйелі түрде көрсетіліп келеді. Биыл олардың бір тобына 23 миллион теңгенің медициналық құрал-жабдықтары тапсырылды. Бұл туралы облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары хабарлады.
Атап айтқанда, 82 адам қоларбаға, құлағы кеміс 47 адам 165 сурдоқұралға, көзі нашар көретін 26 адам 159 тифлоқұралға ие болды, 211 адамға гигиеналық жабдықтар сатып алуға 23,6 миллион теңге бөлінді. 344 қаріп жан шипажайлар мен емдеу-сауықтыру орындарында болып, денсаулықтарын жақсартып қайтты. Бұл мақсат үшін 75 адамға жергілікті қазынадан 8 миллион теңге бөлінді. 167 адамға тұрақты мүгедектік көмек көрсетіледі.
«28 жасымда екі аяғымнан айрылып, бірінші топтағы мүгедек болып қалдым. Бұған дейін ескі үлгідегі мүгедектер арбасын пайдаланып келсем, енді жаңасын берді. Көшеде қыдыруға өте қолайлы», дейді қуанышын жасыра алмаған Сергей Сапко.
10 жастағы мүгедек қыздың анасы Айнаш Тоғаева 2006 жылдан бері тегін медициналық гигиеналық құрал-жабдықтар алып келеді.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Сурет: egemen.kz

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше