АСТАНА. 5 шілде. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының «Көбелдес», «Ақсеңгір» және «Ынтымақ» шаруа қожалықтарына тиесілі 250 бас асыл тұқымды қой мен қозы шығынын анықтау мақсатында мамандар сараптамалық зерттеуге кірісті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өлген малдардың 90 пайызы 4-5 айлық төлдер. Қазіргі таңда мал шығыны тоқтаған.
Осыған сәйкес аталған мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Облыстық ветеринариялық зертхананың мамандары ауырған малдан жұқпалы ауруларға қарсы патологиялық үлгі және ошақтағы шөптен, топырақтан, судан үлгілер алды. Сараптама нәтижесі 10-15 күнде анықталады. Бұдан бөлек жағдайы нашарлаған тағы 250 бас мал оқшауланып, бақылауға алынған. Көршілес орналасқан отарлардың малдары аман. Ал ауырып тұрған малдарды антибиотиктермен және қан сарысуларымен емдеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауырып тұрған малдардың клиникалық белгілері ауыз, танау қуыстарының шырышты қабаты қабынған, ентігу, көбікті сілекей бөліну, арасында тынысы ауырлап жөтелуі, төлдердің өкпе ауруы байқалады.
Сондай-ақ, мамандар аптап ыстыққа байланысты малды салқын кезде жайып, күндіз көлеңкеде, судың жағасында ұстауға, бір отардағы мал басын 400-500 бастан асырмауға кеңес береді.
Талғат Райымбек.
Дерек: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сурет: azh.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше