Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Кувейттің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тарек Абдулла әл-Фараджбен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Комитет төрағасы Тарек Абдулланы Астанадан Кувейт елшілігі ашылуымен және оның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалуымен құттықтады. Қазақстанда Эль-Кувейтте өз елшілігін ашқан болатын. Енді елшіліктер екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-ізгілікті байланыстардың ұлғая түсетініне қызмет ететініне сенім білдірді.
– Қазақстанның сыртқы саясатында ислам әлемі мен мұсылман елдері ерекше орын алатындықтан, еліміз Кувейтпен барлық салада ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Мемлекеттер арасындағы өзара байланыс 1997 жылы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ресми сапары негізінде қаланған. Екі ел арасындағы парламентаралық байланыстар да екіжақты ынтымақтастықты үйлестірумен халықаралық аренаға шығуға қолайлы жағдай туғызады, – деді мәжілісмен.
Сонымен қатар, ол Қазақстан халқы Кувейттің кезінде Астананың құрылыстарына достық көмектері үшін алғыс айтатынын да жеткізді. Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болуға ұмтылысын қолдағаны үшін де ризашылық білдірілді. Елордада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өтетінін хабарлап, Кувейт үкіметі мен іскерлер ортасының әлемдік ауқымдағы шараға атсалысатынына сенім білдірді.
Кувейт елшісі өз кезегінде Қазақстан мен Кувейт арасындағы ынтымақтастық жайында сөз қозғады. Қазақстанның Орталық Азия аймағы мен әлемдік деңгейдегі рөлін айрықша бағалап, екі ел арасындағы саяси, экономикалық және парламентаралық байланыстар жайында әңгімеледі.