23 Мамыр, 2015

Халықаралық құжаттар сапасы сараланды

314 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қор­ғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отыры­сында «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Респуб­ликасы арасындағы Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Келісімнің мақсаты тату көр­­шілік пен достық қаты­нас­тар­ды дамыту, ұзақ мерзімді тұрақ­тылық жағдайын сақтау, мемле­кеттік шекара ауданындағы өзара сенімді нығайту болып табылады.

Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін Тараптар қажетті ақпарат алмасу тәртібі туралы, басқа тарапқа сұрау салу мен өтініш жасау тәртібі туралы, сондай-ақ, мемлекеттік шекара ауданында алуан түрлі қауіптердің туындауын болдырмау және келісімде көзделген өзге де шараларды қолдану туралы уағдаласты. Комитет отырысында «Қазақ­стан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шекара өкілдерінің қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды. Тату көршілік қатынастарды дамыту және Қазақстан-Қыр­ғыз­стан мемлекеттік шекара­сы­­ның режімін қамтамасыз ету жө­­ніндегі ынтымақтастықты қол­­дау мақ­сатында, сондай-ақ, шек­арадағы тосын оқиғалардың ал­дын алу мәсе­лелеріне Қаза­қ­стан Рес­публи­касы мен Қырғыз Респуб­ликасы шекара өкілдерінің қатысуы үшін Та­раптар 2001 жылы 15 желтоқсанда келісімге қол қойды. Онда шекара өкілдері мен олардың орынбасарларын та­ғайындау тәртібі айқындалған, олар өз міндеттерін бір-бірімен ын­тымақтастықта, сондай-ақ, өз мем­лекеттерінің ұлттық заңнамасына және Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес орындайды. Комитетте «Қазақстан Рес­пуб­ликасының бітімгершілік қыз­меті туралы» заң жобасы да қаралды. Заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндет­темелерге сәйкес Қазақ­стан Республикасы ұлттық кон­тин­гентінің бейбітшілік пен қауіп­сіздікті қолдау жөніндегі опера­цияларға (миссияларға) қатысу процесін реттеуге бағытталған құқықтық негізін құру болып табылады. Заң жобасының негізгі ере­желері заңның қолданылу саласын, Қазақстан Республикасы бітімгершілік қызметінің қағи­даттарын, мақсаттарын, міндет­терін және қаржыландыру көз­де­рін айқындайды. Заң жоба­сы­мен ұлттық контингенттің ­бітім­герші­лік операцияға қаты­суы тура­лы шешім қабыл­дау тәртібі және ұлт­тық контин­генттің бітім­гер­шілік операцияға қатысу­ды аяқ­тауының негіздері регламенттеледі. Отырыста «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнама­лық актілеріне Қазақстан Респуб­ли­касының бітімгершілік қызметі мәселелері бойынша толықты­рулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды. Заң жобасы «Қазақ­стан Республикасының бітімгер­шілік қызметі туралы» заң жоба­сының ережелерін іске асыру мақ­сатында әзірленген және елі­міздің бірқатар заңнамалық акті­леріне толықтыру енгізуді көздейді.