05 Шілде, 2015

Шығыс өңірінде ардагерлерге арналған сайт ашылды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-07-2015-sait VKOӨСКЕМЕН. 5 шілде. Александр Пушкин атындағы облыстық кітапханада облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Василий Ахаев, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айжан Садықованың  қатысуымен Шығыс Қазақстан өңірінің ардагерлеріне арналған www.veteran-vko.kz сайтының тұсаукесері өтті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай жасалған сайтты облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы «Восток Он-Лайн» компаниясының техникалық қолдауымен іске асырды. Жаңа сайтты аталған басқарма басшысының орынбасары Раушан Нұрмұханова таныстырды. Портал «Кеңес Одағының Батырлары», «Ұлы Отан Соғысына қатысушылар», «Даңқ орденінің толық кавалерлері», «Тылдағы еңбегімен жеңісті шыңдаған»,  «Олардың есімімен аталған», «Ардагерлер кеңесі» іспетті бірнеше бөлімдерден тұрады. Сайтта берілген ақпараттар облыстың мұрағаттары мен мұражайларынан, кітапханаларынан алынды. Ақпараттармен бірге құжаттар жинағы, фотосуреттер, майдан хаттары, мектеп оқушылары жазған шығармалар енді. Мұнда соғыс ардагерлерінің басынан кешкендері, майдандастары туралы жанды дауыста әңгімелеген бейне жазбалары жинақталған. «Сайттағы ақпараттар үнемі толықтырылып отырады. Соғысқа қатысып, тылда еңбек еткен туыстары, таныстары жайлы ақпаратты жерлестеріміз сайттағы «Қонақ кітабына жазба қалдыру» айдарына қалдыра алады», – деді Раушан Нұрмұханова. Думан Анаш. Дерек, сурет: egemen.kz. 05-07-2015-sait VKO 11