23 Мамыр, 2015

Діндер көшбасшыларының съезіне келеді

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның Үндістандағы елшісі Болат Сәрсенбаев «Джамаат-у-Шабаб-е-Ислам» атты мұсылман ұйымының президенті Сальман әл-Хусейни ан-Надвимен кездесу үшін Лакнау қаласына (Уттар-Прадеш штаты) сапармен барды. Ал ол Мумбай қаласында Заратуштраның мәдени мұрасы бүкіләлемдік кеңесінің президенті, Діни көшбасшылар кеңесінің мүшесі Хоми Буржор Дхаллмен кездесті. Бұл сапарлардың басты мақсаты аталған діни адамдарға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған V съезге шақыру қағазын тапсыру болды. Үндістанның Ислам мен Зороастризмнің құрметті өкілдері үстіміздегі жылғы 10-11 маусымда Астанада өтетін съезд жұмысына қатысатындарын растады. «Егемен-ақпарат».