05 Шілде, 2015

ВВС корпорациясы 1000 қызметкерін жұмыстан босатады

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-07-2015-BBCАЛМАТЫ. 5 шілде. Әлемдегі аса ірі британиялық медиа-мекеме – Би-Би-Си 1000 қызметкерін штаттан қысқартатын болды. Бұл туралы ВВС хабарлады. Корпорация – телевизиялық қорға түсетін сомадан 150 миллион фунт қаражат жоғалтуына байланысты осындай әрекетке барған. Корпорацияның директоры Тони Холл шығын себебін былай түсіндірді: «Британиядағы отбасылары теледидар қарамайтын болып барады. Сол себепті олар телевизияға тиісті салық мөлшерін төлемейді». Өз кезегінде ВВС тілшісі Дэвид Силлито 1000 қызметкерді қызметтен босату корпорацияға бар болғаны 50-ақ миллион фунт табыс әкелетінін айтты. Телевизия мен салық төлеушілерден түсетін қаражаттың жоспардағыдай мол болмау оқиғасы 2011 жылдан бастау алды. Корпорацияның сол кездегі директоры Марк Томпсон сонда «2017 жылға дейін Би-Би-Си-ден 2000 адам қысқарады» деп  мәлімдеген. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: ВВС. 05-07-2015-BBC 11