ӨСКЕМЕН. 5 шілде. Шығыс өңірінің білім беру жүйесінде апаттық мектептер, үш ауысыммен оқыту және мектепке дейінгі білім беру мәселелері шешілуде. Биыл 18 мектепті пайдалануға енгізу жоспарланса, оның 11-і апаттық мектептердің орнын алмастырмақ. Аталған мәселе өңір басшысы Даниал Ахметовтің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті ХХIX сессиясында айтылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Ұлттық қор есебінен үш мектеп пен балабақшаның құрылысы басталады. Зырян, Бесқарағай, Күршім, Катонқарағай, Ұлан және Көкпекті аудандарындағы ауылдық жерлерде оқушылар орнының барынша көптігі байқалады. Керісінше, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 25 мыңға жуық орын жетіспейді. Орын жетіспеушілігін қысқарту үшін жыл соңына дейін бюджет қаражаты есебінен 5, жекеменшік – 15, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 11 балабақшаның құрылысы жоспарлануда.
«Мен шағын комплектілі мектептерді жабуды құп көрмеймін. Себебі, ол жерде де өмір бар. Бүгін мектеп жабылса, ертен ауыл құриды. Соны ойлау керек. Содан кейін Семейде «Жас ұлан» ер балалар арнайы мектеп лицейі, Шәкерім гимназиялары бар. Барлық жағдай жасалған. Алайда, ҰБТ бойынша балдары өте төмен. Жыл сайын қаржы бөлеміз, ал білім сапасы жақсармайды. Неге? Мысалы, қазақ тілін тереңдетіп оқытатын мектептер бар, ал олардың балалары қазақша дұрыс білмейді. Бұл мәселе ағылшын, неміс, француз тілдерін тереңдетіп оқытатын мектептерге де қатысты. Білім басқармасы жұмысын дұрыс атқарса, бұлай болмас еді», – деді Даниал Ахметов.
Облыс әкімі аталған мәселе бойынша комиссия құруды тапсырды.
Думан Анаш.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Шаруашылық • Бүгін, 10:49
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
Әлем • Бүгін, 10:33
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 10:28
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
Әлем • Бүгін, 10:10
Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады
Оқиға • Бүгін, 10:03
Газ саласын цифрландыру: QazaqGaz Aimaq қосымшасы қалай жұмыс істейді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 09:54
Жанар-жағармай импорты салықтан босатыла ма?
Қоғам • Бүгін, 09:48
Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:40
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді
Экология • Бүгін, 09:20
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?
Құрылыс • Бүгін, 09:00
«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»
Сұхбат • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:50