«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ трансформациялау бағдарламасын салтанатты түрде бастады. Оған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен әл-ауқат қорының бизнес транформациясы жөніндегі бас директоры Адамс Илькявичус қатысты.
«Самұрық-Қазына» жетекшісі Мемлекет басшысының тапсырмасына орай еліміздегі бірқатар ұлттық компаниялар бірер жылдың көлемінде трансформациялау бағдарламасын жүзеге асырып жатқанына тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстардың алғашқы нәтижелері көріне бастағанын айтты. Сөйтіп, ендігі трансформациялау кезегі Қазатомөнеркәсіпке келгенін жеткізді. Бүгінгі күннің маңызды тақырыбы туралы баяндап, трансформациялау ісі бір-екі жылдың ғана жұмысы емес, ұзақ мерзімді қамтитын күрделі үдеріс екенін ұқтырды. «Бұл кешенді шара бірнеше жылды керек ететін, өте қызықты әрі терең үрдіс. Бұлай деуімнің себебі, компания қызметкерлері мен жұмысшылары осы бағдарлама негізінде кәсіпорынға деген көзқарастарын біртіндеп өзгертіп, ортақ істің тиімді болуына бәрі де қызмет етуі тиіс. Адамдардың ой-санасын жаңғыртатын бұл шара ұлттық компанияның жылдам ілгерілеп, әлемдік әріптестерімен иық тірестіруіне мүмкіндік тудырады деп сенеміз», деді Ө.Шөкеев.
Еліміздің ұлттық компаниялары заман талабына сай трансформацияланбаса еліміздің әлемдегі озық елдердің көшіне ілесуі қиын болатынын айтқан басқарма төрағасы, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясын трансформациялау бағдарламасын дайындауға көп күш жұмсалғанын жеткізді. «Біз «Қазатомөнеркәсіп» компаниясында бұл үдерісті дер кезінде және дұрыс іске қосу үшін көп күш салдық. Сөйтіп, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ трансформациялау бағдарламасының ұзақ мерзімді мақсаттары мен бастамаларын анықтап алдық, оның бәрі директорлар кеңесі бекіткен компанияның жаңа стратегиясында көрініс тапқан. Нақты айтқанда, ол Қазатомөнеркәсіптің жаңа стратегиясында 2025 жылға қарай компанияның құнын 3 есеге ұлғайту сияқты дамудың шешуші мақсаттары анық белгіленгенін, мұндай зор мақсаттарға 1-2 жылда қол жеткізу мүмкін емес екендігі түсінікті. Трансформация – ұзақ мерзімді үдеріс. Сондықтан, оның нәтижесін біз 2018 жылдан бастап көруді жоспарлап отырмыз», деді ол.
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ трансформациялау бағдарламасының арқасында әлемдік нарықта уран өндірісі бойынша ғана емес, сонымен қатар, уран жеткізуде де көшбасшы позицияларға көшуді көздеп отыр. Ол жөнінде ұлттық атом компаниясының басшысы Асқар Жұмағалиев айтты. «Өндірісті әртараптандыру әлемнің атом электр стансалары үшін дайын өнім сату арқылы компанияның қосымша табыс табуына мүмкіндіктер ашады. Трансформация аясында маркетинг қызметін нығайтуға да жете мән берілуі тиіс. Аталмыш блокты күшейтумен қатар xалықаралық ірі уран өндіруші компаниялар тәрізді біз де өнімдерін саудалайтын трейдинг компаниясын құруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, өзгерістер жоспарында барлық күшті негізгі қызметке жұмылдыру мақсатында компанияның ұйымдық құрылымын өзгерту және бейінді емес активтерді шығару да қарастырылған. 2019 жылға қарай негізгі қызметке қатысы жоқ қызметтер көрсететін 27 бейінді емес кәсіпорын, атап айтқанда, түрлі xимиялық өндіріс орындары мен сервистік компаниялар «Қазатомөнеркәсіп» АҚ құрамынан шығарылады», деді компания басшысы.
Бұлармен бірге, А.Жұмағалиев компанияда қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы күшейтілетінін де баса айтты. Оның сөзіне қарағанда, мамандардың біліктілігін көтеру үшін оларды өз елімізбен қатар, шетелдерде де оқытып алу мақсаты бар екен. Осыны жеткізген компания жетекшісі пайдалы қызмет көрсеткішінің орындалуына қарай еңбекке ақы төлеудің үздік жүйесі енгізілетінін, қызметкерлердің жеке өсуі мен көшбасшылық сапасын дамыту үшін барлық жағдай жасалатынын атап көрсетті.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11