29 Тамыз, 2015

«Билерге тағзым»

435 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
1424172016489Жақында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріповтің бастамасымен Конституцияның 20 жылдығы мерекесіне орай «Билерге тағзым» атты велошеру өтті. Қырық судья қатысқан вело­сипедшілер сапары облыстық соттың ғимараты алдындағы «Үш бидің» ескерткіші жанынан бас­тау алып, 40 шақырым жолды артқа тастағаннан кейін Ордабасы тауында орналасқан «Бірлік» монументіне табан тіреді. Сапар алдындағы жиынға қаты­сушылардың атынан сөз сөйлеген облыстық соттың төр­ағасы Н.Шәріпов: «2015 жыл еліміз үшін мерейлі де мерекелі жыл болып басталды. Биыл елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституцияның 20 жылдықтарына орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Ең алдымен, бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізге тұғыр болған Қазақ хандығының  550 жылдығын атап өтуге барынша көңіл бөлінуде. Соғыс ардагері, «Үш би» төсбел­гісінің иегері, Қазақстанның «Құрметті судьясы», Мақтаарал ауданының «Құрметті азаматы» Айтжан Бекназаровпен, соғыс жылдары Ордабасы ауданында судьялық қызмет атқарған, тыл ардагері Жамал Шойбековамен аудандық, облыстық соттарда кездесулер өткізілді. Облыстағы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы 24 судьяға «Даңқ тақ­тасы» орнатылды. Сонымен қатар, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Есім ханның ескі жолы – ауызша қағи­далар жиынтығының озық үлгілері» атты аймақтық ғылыми конференция өтсе, оның аясында «Қазақ хандығының тарихындағы Түркістанның орны» тақырыбында және оған қоса сурет, кітап көр­мелері ұйымдастырылды. Конференцияда Қазақ хандығы тұсындағы мемлекеттік билік, билер соты мен қазақтардың дәстүрлі құқығы тақырыбында белгілі тарихшы, заңгер, тілші ғалымдар мен зерттеушілердің баяндамалары тыңдалып, оның қорытындысы ретінде конференция материалдары өз алдына кітап болып басылып шықты. Енді, міне, Конституцияның 20 жылдығына арналған мына шара сол жобалардың жалғасы іспетті. Мұны өткізудегі мақсат биылғы мерейлі мерекелерді саламатты өмір салтымен ұштастыра отырып, бірліктің бастауы болған Ордабасы тауының мәртебесін Қазақ хандығының 550 жылдығында тағы бір мәрте жаңғырту болып табылады»,  деді төраға өз сөзінде. соттар2 Осыдан кейін Оңтүстік Қа­зақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Айтаханов пен облыстық спорт саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы А.Асқар құттықтау сөз сөйлеп, судьяларға сәтті сапар тіледі. Түске таяу велосипедшілер 40 шақырым жолды басып өтіп, республикалық «Ордабасы» Ұлттық тарихи-мәдени қоры­ғындағы» мәреге жетті. Оларды Ордабасы ауданының басшылары мен спорт қайраткерлері және ауыл тұрғындары салтанатты жағдайда қарсы алып, «Нұр Отан» партиясының аудан­дық филиалының төрағасы Ж.Бостандық велошеруге қа­ты­сушыларды құттықтап, сөз сөйледі. Ордабасы тауында орна­тылған «Бірлік» монументіне гүл шоқтары қойылып, Төле, Қазыбек және Әйтеке билерге тағзым етілгеннен кейін, Орда­басы ауданының әкімі С.Сапар­баев, облыстық соттың судьясы А.Елшібаев және ауданның «Құрметті азаматы», еңбек ар­дагері Р.Битуғанов велошеруге қатысушыларға алғыстарын жеткізді. Жоба соңында облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов мұн­дай іс-шаралардың, әсіресе, кейінгі жастар үшін тәрбиелік мәні өте зор екендігін атап өтті. Қабыл ДҮЙСЕНБИ, ОҚО сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.