23 Мамыр, 2015

Ауқымды шара аясындағы жүздесулер

285 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілқытайлық Халықтық-саяси консультативтік кеңесі төрағасының орынбасары Ван Чжэнвэй бастаған Қытай делегациясын қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат басшысы ынтымақ­тас­тықтың қарқынды дамуын атап өтіп, екі Мемлекет басшыларының арқа­сында тату көршілік сипатындағы қаты­настардың қалыптасқанына тоқтал­ды. «ҚХР Төрағасы болып Си Цзинь­пин сайланған кезден бері біздің көшбасшылар екіжақты сапарлар аясында және түрлі халықаралық фо­румдарда 10 кездесу өткізді. Біз Қы­таймен өзара іс-қимылдың әлеуетін жоғары бағалаймыз және ынтымақ­тастықтың барлық салаларын да­мытуға ниеттіміз», – деді Қ.Тоқаев. Ван Чжэнвэй Сенат Төрағасына Қы­тайдың қазіргі кездегі дамуы, заң шығару қызметі туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі және Қазақстанның әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуын жоғары бағалады, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін ерекше атап өтті. Жүздесушілер қазіргі кез­де Қазақстан-Қытай ынтымақ­тас­ты­ғының жаңа кезеңі басталғаны туралы ортақ пікірге тоқталды. Ұзақ мерзімді өзара іс-қимылдың жалпы келешегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу – бір жол» тұжырымдамасында көрініс тапқан. «Егер де біз бұл стратегияны іске асыра алсақ, біздің елдеріміздің экономикасын дамытуда жаңа мүмкіндіктерге ие боламыз», – деді Ван Чжэнвэй. Осыған байланысты Сенат басшысы қаржы ынтымақтастығын ынталандыруға арналған және аймақтағы инфра­құрылымдық басым жобаларды іске асыруға жәрдемдесетін Азия инфра­құрылымдық инвестиция банкінің уақытында құрылып отырғанын атап өтті. Қ.Тоқаев Қазақстанның дамудың жаңа сатысына шығуына және әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына енуіне мүмкіндік беретін «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық бағытына, бес институттық реформаға және жаңғырту жөніндегі 100 қадам – Ұлт жоспарына жүздесушінің назарын аударды. * * * Австрия Ұлттық кеңесінің Екін­ші президенті К.Копф Сенат Төрағасымен Астана экономикалық форумының нәтижелері туралы әсерлерімен бөлісті. Ол форумның қазіргі кездегі «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты дамуының драйвері» тақырыбының өзектілігін атап өтті және АЭФ-тың әлеуетін жоғары бағалады. К.Копф Орталық Азия айма­ғын­дағы Қазақстанның жетекшілігін атап өтіп, Президент Н.Назарбаевтың «Бес институттық реформаны іске асыру­дың 100 нақты қадамы» бағдарла­масына ықылас білдірді. «Бағдарла­маның мақсаты биік және Қазақстан оны табысты іске асыра алады», – деді Австрия Ұлттық кеңесінің Екінші президенті. Сенат Төрағасы Мемлекет басшы­сының Қазақстанның инвестициялық тар­тымдылығын арттыру, атап айтқанда, Астанада халықаралық қаржы орталығын құру туралы маңыз­ды бастамалары, сондай-ақ, Прези­денттің ашық және халыққа есеп бере­тін мемлекет құру стратегиясы туралы жүздесушіге жан-жақты әңгімелеп берді.