28 Шілде, 2010

24 сағат

557 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қытайдың Хэнань провин­ция­сында өзен суының мөлшер­ден тыс артып кетуінен көпір шайылып, 37 адам қаза тапқан. Сонымен қатар 19 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Жауын-шашынның тоқтау­сыз жаууынан арнасынан та­сыған өзен Луаньчунь ауда­нын­дағы көпірді жұлып кеткен. Ұзындығы 153 метр болатын кө­пірдің үстінде ондаған адам бол­ған, олардың 6-уы құтқа­рылды. Үш күн бойы жауған жауын сал­дарынан 52 адам көз жұмған. *  *  * Румынияда орын алған из­раиль­дік тікұшақ апатынан бірде-бір адам тірі қалмады. Оның бор­тында жеті израиль­дік және бір румындық әскери болған. Оқиға румын-израиль оқу-жаттығуын өткізу кезінде орын алды. Тікұшақ маневр жасау ке­зінде қыратқа соғылып, арты­нан өртке оранған. Дерек көзі­не қарағанда, ұшу мәшинесі толық бүлініп, оның сынық­та­ры жан-жаққа шашылған. Мұндай жағдайда тірі қалу да мүмкін емес. *  *  * Иранға бір жақты немесе ұжымдық санкциялық шара­лар­мен ықпал ету тәжірибесі қа­был­данбайды. Бұл жөнінде Ресей СІМ өкілі Иранға қатыс­ты қосымша санкция қабыл­дануына орай мәлімдеді. Жаңа санкция Иранның экономикалық қарым-қаты­нас­тарына қарсы бағытталып, мұ­най-газ саласына инвестиция са­луға тыйым салады. ЕО кеңесі­нің мұндай санкциясын СІМ өкі­лі Нестеренко БҰҰ ҚК санк­циялық режімінің шеңбе­рінен шы­ғып отырғандығымен түсіндірді. *  *  * Британиялық ВР компания­сы­ның жетекшісі Тони Хей­ворд қызметінен кетіп, оның орнына Роберт Дадли келетін бол­ды. Аталған компания Мек­сика шығанағындағы апаттан 17 миллиард доллар жоғал­тыпты. Sky News ақпараттық теле­арнасы хабарлағандай, Green­peace белсенділері кеше Лон­донда ВР-дің барлық май құю стансаларының жұмысын тоқ­татып тастаған. Компанияға тиесілі 50 май құю стансасында кезекшілікте болған белсен­ділер “Жабық. Бензин бітіп қалды” деген жазуы бар плакаттар іліпті. *  *  * Араб отбасынан шыққан 8 сынып оқушысы Швецияда жергілікті мектептердің біріне жазған өтінішінде оқушылар қатарына қабылдауды сұрапты. Алайда, оның бұл өтініші бос орын жоқ деген сылтаумен қабыл алынбаған. Артынша әлгі оқушының әпкесі мектеп хатшылығына ха­бар­ласып, “Аннели” деген жа­мылғы шведтік есіммен “Йо­хана” деген баласының мектепке бар­ғысы келетінін айтыпты. Ар­ғы жақтағылар бұл өтініш­терін қуана қабыл алған. Енді араб отбасы кемсітушілік жөнін­дегі омбудсменге теле­фон жаз­ба­ла­рын ұсына отырып арыздануда. *  *  * “Кез келген проблема туын­даған жағдайда Куба Вене­суэла жағында болады”. Санта Мария аралында Куба-Венесуэла кездесуінің жа­былуында сөйлеген сөзінде Куба министрлер кеңесінің төр­ағасы және мемкеңес бас­шы­сы Рауль Кастро осылай деді. Интернет материалдары негізінде әзірленді.