ПАВЛОДАР. 5 шілде. Павлодарда Астана күні қарсаңында облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен партияның жаңа мүшелерін қабылдау рәсімі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Еліміздегі Президент сайлауы науқанына белсенді қатысқан профессор Лариса Фрезоргер және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Илья Теренченко марапатталды. Ал жаңа партиялық билет иелері әртүрлі сала адамдары: «Медет» әлеуметтік көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақыт Ақтаеваға, «Сардар күзет» ЖШС директоры Рашид Ахметовке, ақын Шолпан Байғалыға, «Ақжар-Өндіріс» ЖШС директоры Серік Бақауовқа, дәрігер Нұржан Нұртазинге, инженер Назымгүл Нұрылдаеваға, «Еуроазияттық энергетикалық корпорациясы» АҚ жөндеуші-слесарі Алдияр Сағынаевқа, «Скубаков Д.Ю.» ЖК Дмитрий Скубаковқа, «Агро Даму» ЖШС директоры Руслан Смағұловқа, облыс бойынша көлік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ербол Сырғабековке, Шарбақты ауданы «Ертіс Орманы» бас директоры Серік Теміршотовқа, мектеп директоры Марал Тотановаға, «Ақсу ферроқорытпа зауытының» слесарі Ренат Уахитовке, «Мүгедектер ерікті қоғамы» ҚБ төрағасы Георгий Четвериковке, «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ жанармай-көлік цехінің бастығы Ерікбай Шағартаевқа берілді.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz.