23 Мамыр, 2015

Румыния көрмеге қатысатынын растады

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның Румынияда­ғы елшісі Дәу­лет Батырашев Румыния Сыртқы істер ми­нистр­лігінің Бас директоры, «ЭКСПО» мәселе­лері жөнінде­гі комиссары Джеорджиан Герваси­мен кездесіп, оның назарына ЭКСПО-2017 көр­ме­сінің тұсаукесерін ұсынды. Кездесудің со­ңында Румыния Астана­да өтетін ЭКС­ПО-2017 халықаралық мамандан­дырыл­ған көр­месіне қатысатынын ресми түрде растады. Дж. Герваси Румыния Халықаралық көрмелер бюросының қалаушы-мүшесі ре­тінде халықаралық көрмелердің тұжырым­да­масы мен мағынасын қолдап, Қазақстанның ха­лықаралық көрмелер дамуына қосатын зор үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті. Оның пікірінше, Астана қаласында ЭКСПО-2017 көр­месін ұйымдастыру XXI ғасыр­­дың негізгі сындарына ең үздік шешім іздеуге бағыт­талған орасан зор шара болып табылады. Қазақстандық дипломат Румынияның еліміздің халықаралық бастамаларына тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін ризашылығын білдіріп, оның ЭКСПО-2017-ге қатысуы көрменің сәтті өтуіне үлес қосып, халықаралық көрме қозғалысына оң екпін беретіндігін атап өтті. «Егемен-ақпарат».