Қазақстанның Каир қаласындағы елшілігінде еліміздің дипломаттары және Мысыр қауымдастығы өкілдерінің арасында Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығын дамыту жолдары туралы пікір алмасу үшін дәстүрлі кездесу өтті. Аталған шараға Мысырдың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері, сараптамалық және ғылыми орталардың, іскер топтардың өкілдері, сондай-ақ, жетекші БАҚ журналистері қатысты. Кездесуде Қазақстан елшісі Берік Арын қонақтарды Қазақстанның ішкі саяси өміріндегі аса маңызды оқиғалармен, атап айтқанда, елімізде жуырда өткен президенттік сайлаудың нәтижелері туралы хабардар етті. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылау барысында қатысушыларға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы мен «Қазақстан- 2050» Стратегиясын іске асыру шеңберінде Үкіметтің дағдарысқа қарсы және ынталандыру шараларын қолға алып жатқандығы, сонымен қатар, Елбасы бастамасымен айқындалған бес институттық реформа туралы ақпарат берілді. Іс-шараға қатысушылар еліміздің мәдени-әлеуметтік өміріндегі жаңалықтар мен халықаралық бастамаларына, соның ішінде, алдағы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне қызығушылық танытты. Олар Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалап, мұнда Президент Н.Ә. Назарбаевтың орасан зор еңбегі бар екенін атап өтті. Қатысушылар Қазақстан мен Мысыр арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуды және одан әрі дамытуды көздейтін «Қазақстан-Мысыр достығының қауымдастығы» атты қоғамдық бірлестік құру туралы бастама көтеріп, оны бірауыздан қолдады. Қауымдастық төрағалығына «Қызыл теңіз» (Хургада қаласы) провинциясының басшысы А.Абдулла сайланды. Мысыр қоғамының белгілі өкілдері «Әл-Азһардың» жанынан құрылған үнқатысу орталығының төрағасы, Мысырдың бұрынғы Уақыфтар министрі Х.Зақзұқ, «Әл-Азһар» университетінің бұрынғы ректоры, доктор У. Әл-Абди, әр жылдары Мысырдың Қазақстанда елшілері болған Абдалла Әл-Арнуси мен Набила Саляма, «Әл-Ахрам» мен «Әл-Гумхурия» медиа-холдингтерінің және өзге де БАҚ-тардың журналистері, «Рехана Групп» компаниясының басшысы Я.Аббас пен басқа да бірқатар ірі кәсіпкерлер, белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қауымдастықтың құрметті мүшелері болып кірді. «Егемен-ақпарат».
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15