05 Шілде, 2015

Павлодарда «Қаланың құрметті азаматтары» белгілі болды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2_omarovm_mПАВЛОДАР. 5 шілде. Павлодар қалалық мәслихатының кезектен тыс 54 сессиясында «Павлодар қаласының құрметті азаматы» атағының иегерлері анықталды. Куәліктер мен төсбелгілерді тапсыру салтанаты 18 шілде күні өтеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мұндай атақты алған 5 адамның кандидатурасы ұсынылды. Олардың арасында қала мен облыстың әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін қалалық мәслихат депутаттары «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстанның құрметті журналисі», Ресей журналистер одағының «Еңбек сіңіргені үшін» орденінің иегері Мұхит Омаровтың кандидатурасы мақұлданды. Сондай-ақ, бұл марапатқа «Ертіс дидары» газеті мен «Найзатас» журналының негізін қалаушы, Ермаков атындағы сыйақының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Арман Қани да лайық деп танылды. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz. 05-07-2015-qani 01
Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15