23 Мамыр, 2015

Әскери тұтқындар туралы құжаттар Финляндия Ұлттық мұрағатының материалдарынан табылды

484 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлы Отан соғысындағы Же­ңістің 70 жылдық мерейтойы­на орай Хельсинки қаласында Қазақстан елшісі Ғалымжан Қой­­­­шыбаевтың Финляндия Ұлттық мұрағатының бас директоры Юсси Нуортевамен кездесуі өтті. Ю.Нуортева мұрағат ісі са­ласындағы қарым-қатынас Қа­зақ­стан мен Финляндия арасын­дағы мәдени-гуманитарлық ынты­­мақ­тастықты дамыту үшін маңыз­ды үлес болып табылатынын атап өтті. Әңгіме барысында фин тарапы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан және Финляндияда жерленген қазақстандық 268 әскери тұтқынның тағдырлары туралы мәліметтерді ресми түрде тапсырды. Бұған дейін аталған ақпарат жартылай Қарағанды, Павлодар облыстарының және Астана қаласының мұрағаттарына берілген-тін. Сонымен қатар, фин тарапы Финляндия аумағында болған (олардың арасында Қазақстан тумалары болуы мүмкін) және соғыстың аяқталуынан кейін репатриация кезінде КСРО аумағына оралған бұрынғы кеңестік әскери тұтқындардың тағдыры туралы қолда бар ақпаратты беруге дайын екенін білдірді. Құрбан болған қазақстандық жауынгерлердің рухына Фин­ляндияның құрметпен қарағаны үшін ризашылығын білдіре отырып, Қазақстан елшісі екі елдің жалпы тарихы тұрғысынан кеңестік әскери тұтқындардың, соның ішінде, біздің еліміздің ту­маларының тағдырларын зерт­теудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстандық дипломат мұ­рағат ісі саласындағы екі­жақ­ты ынтымақтастықтың ұзақ дәс­түрлерін атап өтіп, оның бас­тамасы ретінде 2009 жылы Қазақ­стан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баев­тың Финляндияға сапары барысында Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Фин­ляндияның Ұлттық мұраға­ты арасында қол қойылған ынты­мақтастық туралы келісімді атады. Осы келісімдер негізінде екі жақ бірнеше рет екі елге қатыс­ты құжаттармен алмасты. Атап айтқанда, Финляндияның Ұлттық мұрағаты қорынан 1941-1944 жылдардағы жауынгерлік әрекеттер кезінде қаза тапқан немесе тұтқынға түскен қазақстандықтардың тағ­дырлары туралы ақпарат берілді. Өз кезегінде, фин тарапы 1941-1944 жылдары Қарағанды лагерінде болған фин соғысының тұтқындары туралы құжаттар алды. Финляндия аумағында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді анықтау бойынша жұмыс Жеңістің 70 жылдығын Қазақстанда дайындау және тойлау жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асты.

Сәулебек БІРЖАН.