29 Тамыз, 2015

Бейбіт атом – ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі

492 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
  эрлан няцЕуразиялық экономикалық одақ –  ортақ саяси-эко­номи­калық, әскери-кедендік, гуманитарлық және мәдени кеңістікті қамтитын біріккен жоба. Осы жобаға орай Кур­чатовтағы Ұлттық ядро­лық орталығында біршама жұмыстардың легі атқарылуда. Жапондық ғалымдар бүгін, міне, өздерінің озық техноло­гияларымен, атомды бейбіт салаға пайдаланудағы тәжіри­бе­лерімен бөлісіп отыр. Сондық­тан да біз Еуразиялық одақ көлемінде ауқымды міндетті жауапкершілікке алып отырмыз. Біздің Ұлттық ядролық орталық осы бағытта Жапониямен қатарынан 20 жыл бойы әріп­тестік байланыс жасап келеді. Қазақстан мен Жапонияның тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуіне тағы бір себеп, екі елдің де атом жарылыстарын бастан кешуі, осыған орай соғыс атомы емес, бейбіт атомды дамыту мәселесі аса маңызды. Осыдан 20 жыл бұрын біздің орталық ғалымдары алғаш рет Жапония елінің ядролық орталығында болды. Сол кезде жапон реакторындағы апат­тың зерттеу жұмыстарына қаты­суға қазақстандық ғалымдар да мүмкіндік алды. Екі жақ бір­лесіп, Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту туралы келісімге келдік. Радиациялық әсер­лердің Жапондық ассоциа­циясымен бірлесіп, (JREA) Семей сынақ полигонында жасал­­ған жарылыстардың апатты деңгейін және сол жердің тұрғындарының денсаулығын тексердік. Сутегі энергетикалық реактордың белсенді аумағын (NUPEC) анықтадық. Жылдам нейтрондағы натрий жылу ұстағышы (JAEA) мәселесіне орай көптен тәжірибелер жүргіздік. 412 Бұл күндері қазақстан­дық­тардың жапон­дық әріп­тестерімен байланыстары нығая түсуде. Ең маңыздыларының бірі, орталық ғалымдары көмір шахталарының беткі қабаты ыстыққа төзімді болуы үшін бетон жабынқышты зиянды материал-кориум әсері­нен қалай қорғау керек, соны тереңірек зерттеуге алған. Мұның игі нәтижелері де баршылық, ал­дағы уақытта еліміздегі ғылым саласының дамуына мұрындық болмақ. Біздің Ұлттық ядролық орталықтың Жапо­ния елімен әріптестігі жалғасын таба бермек.  Ерлан БАТЫРБЕКОВ, Ұлттық ядролық орталықтың директоры.  Курчатов қаласы.