ҚЫЗЫЛОРДА. 19 қазан. Қызылорда облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. 5 қазанда басталған шара осы айдың 25-інде аяқталады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Осыған орай барлығы 34 мобильдік топ құрылып, 324 күш-құралдар жұмылдырылды. Шараның 10 күнінде облыс бойынша барлығы 120 экологиялық заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде, заңсыз ағаштар мен бұталарды кесудің – 7, заңсыз аң аулаудың – 49, заңсыз балық аулаудың – 32, азаматтық қаруды тасымалдау, сақтау ережесін бұзудың – 32 дерегі тіркелді. Анықталған 110 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі бойынша 733 мың 880 теңге көлемінде айыппұлдар салынды.
Заңсыз аң, балық аулаумен және заңсыз бұталар мен ағаштарды кесумен ұсталған 14 автокөлік тәркіленіп, айып алаңдарына жеткізілді. Аталған мерзімде барлығы 11 қылмыстық іс қозғалып, 1 қылмыстық іс сотқа жолданып, қалған 10-ы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 19 Қазан, 2015
Қызылордада 10 күнде заң бұзғандарға 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше