23 Мамыр, 2015

Аллея ашылды

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Телеарна ұжымы өздері отырғызған шырша ағашының түбіне құты-капсулаға салып аманат хат жазды. Бүгінгі аға буын өкілдерінің хатын енді 50 жылдан соң «Қазақстан-Павлодар» телеарнасы ақпараттық арнасының тілшілері алып оқитын болады.

egemen (35)

Биыл «Қазақстан-Павлодар» телеарнасы 50 жылдығын атап өтеді.Осы орайда облыстың басты арнасы мерекелік жылға арналған «50 игі іс» жобасын бастап та кетті. Наурыз мере­кесінде телеарна ауласына киіз үйлер тігіліп, дастарқан басына көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылары шақырылды. Жоба барысында Жеңістің 70 жылдығына орай жерлес жауын­герлер жайлы көп сериялы бейне-кітап жарыққа шық­ты. Өткен сенбілік күні «50 игі іс» аясында телеарна ұжымы 85 түп ағаш отырғызды. Ағаштардың арасында өте сирек кездесетін Сібір­дің көк шыршасы, қарағай, қайың сияқты бағалы көшеттер бар. Аллея ашылып, белгітас орнатылды. Жергілікті телеарна директоры Бауыр­жан Айтқазиннің айтуынша, алдағы уақытта көгеріп, көбейетін бұл аллея қала тұрғындары мен қонақтарының демалатын орнына айналады.

– Журналистер еккен жас қайыңдар, кішкене шыршалар жылдар өткен соң жайқалып өсіп, үлкен аллеяға айналатынына сенеміз. Біз қаламызды көріктендіруге үлес қостық деп білеміз, – деді Бауыржан Айтқазин. Алдағы уақытта «50 игі іс» атты жобасының шеңберінде соғыс ардагерлеріне, әлеу­меттік аз қамтамасыз етілген отба­сыларға қолұшын беріп, қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, өмір мен өлімнің арасында жатқан нау­қастарға донор болу ұйым­дас­тырылмақ.

Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан».

ПАВЛОДАР.