АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2015 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-де (Астана уақытымен) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында басталатын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы компаниялар тобының активтерін сату бойынша электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды
Активтерді сату «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 28 мамырдағы №110 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ-тың және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан көбі меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың активтерін және объектілерін сатудың бірыңғай қағидасына және «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттама) бекітілген Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда жүргізу регламентіне сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – Регламент).
Ағылшын әдіс бойынша электрондық аукционға мына актив қойылады № р/с Активтің атауы Меншік иесі Қызмет түрі Орналасқан жері Бастапқы бағасы, теңге Кепілді жарна, теңге Аукцион қадамы 1 «Көліктік қызмет көрсету орталығы» АҚ-тың 100% акция пакеті «Қазтеміртранс» АҚ Көліктік-экспедиторлық қызмет көрсету Астана қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 10-үй 3 452 560 000 59 460 000 0,5%
Саудаға қатысушыларды тізілімнің веб-порталында тіркеу хабарлама тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда басталғанға дейін екі сағат қалғанда аяқталады. Кепілді жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-тың есепшотына төленеді: 050540004455, KZKOKZKX БЖК, ИИК KZ529261501102032004, «Қазкоммерцбанк» АҚ. Төлемнің мақсаты: кепілді жарна электрондық конкурсқа қатысу үшін (кепілді жарнаның мөлшеріне банктік қызмет төлемі кірмейді). Кепілді жарна түрінде банктік кепілдік қабылданбайды. Кепілді жарналардың «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-тың есепшотына уақтылы түсуі үшін өтінім қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей төлеуді ұсынады. Саудаға қатысу үшін алдын ала тізілімнің веб-порталында келесі мәлімдемелерді көрсетіп тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірді (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірді (бұдан әрі – БСН), толық атауы және бірінші басшының тегі, аты әкесінің аты (бар болса); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктің банктік есепшот деректемесін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжай, телефон, факс, е- mail). Жоғарыда көрсетілген мәлімдемелер өзгеретін болса бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында көрсетілген мәлімдемелерді қатысушы өзгертуі қажет. Байқауға қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталына қатысушының ЭЦҚ қолы қойылған Регламентке сәйкес форма бойынша саудаға қатысу үшін өтінімді тіркеу керек. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттың қазақ және/немесе орыс тілдерге аударылған нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынуы керек. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы тарап болып табылатын халықаралық келісімшартпен және келісімдермен қарастырылмаған шетелдік мемлекеттік ұйым немесе ұйымдармен берілген құжаттар ұсынылса, мұндай құжаттар заңдастырылу немесе белгіленген тәртіпте апостилденуі қажет. Қатысушы өзінің саудаға қатысуы туралы өтінімін тізілімнің веб-порталын қолдана отырып, кез-келген уақытта төленген кепілді жарнаны қайтару құқығын жоғалтпай, саудаға қатысу үшін берілетін өтінімнің ақырғы мерзімінің аяқталуына дейін қайтарып алуына болады. Саудаға қатысу туралы өтінім тіркелген соң, сатылатын объект бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің барлығы туралы тізілімнің веб-порталымен автоматты тексеріс жүргізіледі. Егер «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-тың есепшотына кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтер бар болса, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдайды және қатысушыға саудаға қатысуға рұқсат береді. Саудаға қатысу туралы өтінім тіркелген соң, қатысушы активтер жөнінде құпия ақпараттар алуға (Data room) ақпарат бөлмесіне құқылы.
Назар аударыңыз! 1. Қатысушылардың саудаға тіркелу бойынша Регламенттің талаптарын сақтамауы және «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-тың есепшотына кепілді жарнаның: 1) сауда басталғанға дейін екі сағат бұрын – ПШЭП арқылы кепілді жарна төленгенде; 2) сауда басталғанға дейін екі сағат бұрын – кепілді жарнаны қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлеудің басқа әдістері тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдаудан бас тартудың негізі болып табылады. Автоматты тексерістің нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы қатысушының тізілімнің веб-порталында көрсетілген электронды мекенжайына өтінімнің қабылданғаны немесе өтінімді қабылдаудан бас тартудың себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. 2. Саудаға қатысу туралы өтінімге тізілімнің веб-порталында орналасқан объектіге сәйкес саудаға қатысу ниеті туралы өтінімінің сканерленген көшірмесін тіркеу қажет. Ағылшын әдісі бойынша электрондық аукционды өткізу тәртібі: Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталымен тағайындалған аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге мүмкіндік беріледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектілерінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. 1) егер электрондық аукцион залында электрондық аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі қағиданың 43-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер электрондық аукцион залында электрондық аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі қағиданың 43-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектілерінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілді деп танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісімен электрондық аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпаз сатып алу-сату шартына қол қою кезінде сатушы келесі құжаттардың көшірмесін және міндетті түрде негізгі түпнұсқасын салыстыру үшін немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды көшірмесін тапсырады: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорт немесе жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжат; 2) заңды тұлғалар үшін: куәлік немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама; заңды тұлғалардың өкілдерінің өкілеттігін куәландыратын құжат және де паспорт немесе заңды тұлғалардың өкілдерінің жеке басын куәландыратын құжат. Құжаттардың түпнұсқасы салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына тараптармен келісілген мерзімде, алайда тізілімнің веб-порталы сауда-саттықтар нәтижелерін шығарған күннен бастап алты күннен кешіктірмей қол қояды. Электрондық конкурс өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан көруге болады немесе 8 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) және 8 (7172) 603-520 («ҚТЖ» ҰК» АҚ) телефондары бойынша анықтауға болады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын (бұдан әрі – БЭСА) таңдауды жариялайды Өнім беруші http://www.adilet.gov.kz/ru/kisa Интернет-ресурсында орналастырылған, белгілген тәртіпте бекітілген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Әлеуетті өнім берушінің ұсынысына http://adilet.zan.kz Интернет-ресурсында орналастырылған, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 256 бұйрығымен бекітілген Тыйым салынған мүлікті сату бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларының 10-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілуі қажет. Әлеуетті өнім беруші конвертке салынған БЭСА таңдауға қатысуға ұсынысты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін 010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8, 15-кіреберіс, 803-кабинет мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаментіне ұсынады (жолдайды). Анықтамалар үшін телефон: (8-7172) 74-04-81. БЭСА таңдауға қатысуға ұсынысты берудің соңғы мерзімі 2015 жылғы 12 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 18.30-ға дейін. БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстар салынған конверттер Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8, 13-кіреберіс, 841-кабинет, мәжіліс залы мекенжайы бойынша 2015 жылғы 16 маусымда Астана уақытымен сағат 10.00-де ашылатын болады.
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19 мекенжайында орналасқан және деректемелері мынадай: ЖБН 970 540 000 107, 2012 жылғы 29 тамыздағы ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік сериясы 62001 №0015217, Кбе 16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана өңірлік филиалы, SWIFT BIC: HSBKKZKX, KZ 536010111000012185 (теңге) «ҚазТрансОйл» АҚ хабарлайды: «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2014 жылдың қорытындысымен «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша 46 429 363 155 (қырық алты миллиард төрт жүз жиырма тоғыз миллион үш жүз алпыс үш мың бір жүз елу бес) теңге 29 тиын сомасында дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады және бір жай акцияға шаққанда 2014 жыл үшін 120 (бір жүз жиырма) теңге 71 тиын дивиденд мөлшері бекітілді («ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері жылдық жалпы жиналысының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 1/2015 хаттамасы). 2014 жылдың қорытындысымен «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивиденд алуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің тізімі 2015 жылғы 27 мамырда 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша түзілді. Дивиденд төлеу ақшамен, оны «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің шотына белгіленген тәртіпте аудару жолымен 2015 жылғы 10 маусымнан бастап жүргізіледі: 1) «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-та атаулы ұстауда тұрған «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ атынан төлем агенті арқылы; 2) «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-та атаулы ұстауда тұрмаған «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ өзі «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің шотына белгіленген тәртіпте аудару жолымен.Құрметті абоненттер! Ақсеңгір және Шамалған кенттерінде «АЛТЕЛ» АҚ желісін GSM/UMTS/LTE жаңа технологияларына ауыстыру аясында, 2015 жылдың 7 маусымынан бастап CDMA технологиясын пайдалануымен Pathword, Dalacom және City тарифтік жоспарларында абоненттерге қызмет көрсету ТОҚТАТЫЛАДЫ. Pathword, Dalacom және City тарифтік жоспарының абоненттері өз нөмірлерін GSM желісіне тиімді талаптармен қоса алады. Толығырақ www.altel.kz сайтында. «АЛТЕЛ» АҚ.«Запорожье» ЖШС 2015 жылғы 8 маусымда сағат 10.00-де Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Запорожье ауылы мекенжайында мынадай күн тәртібімен жиналыс болатындығы туралы өз қатысушыларына хабарлайды: 1. «Delta Bank» АҚ-тан займдар, кепілдіктер немесе кредиттік желілер алу. 2. «Запорожье» ЖШС-нің мүлкін, атап айтқанда жылжитын және жылжымайтын мүлкін өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге «Delta Bank» АҚ-ға кепілге міндеттемелерін жабу үшін жеткілікті көлемде беру. 3. «Delta Bank» АҚ алдындағы өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында кепілдегі мүлікті соттан тыс сатуға келісім беру. 4. «Запорожье» ЖШС-нің атқарушы органына жоғарыда көрсетілген шартпен кепілге беруге, банктік займ немесе кредиттік желілер алу бойынша мәмілелер жасауға барлық өкілеттіктерді беру.
«Жаркаинская нива» ЖШС (бұдан әрі – серіктестік) 6.06.2015 жылғы сағат 9.00-де Ақмола облысы, Жарқайың ауд., Бірсуат а. мекенжайында серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы өткізілетіндігі туралы өз қатысушыларына хабарлайды. 1. ЖШС құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау жолымен ЖШС-нің жарғылық капиталын ұлғайту туралы. 2. ЖШС-нің жаңа қатысушыларын қабылдау жолымен жарғылық капиталдың ұлғаюына байланысты барлық қатысушылардың үлестерін қайта есептеу туралы. 3. ЖШС жаңа қатысушылары салымдарын енгізу тәртібі мен мерзімі туралы. 4. ЖШС жарғысының жарғылық капиталы мөлшерінің ұлғаю бөлігіне өзгерістер енгізу туралы.
«АК Алтыналмас» АҚ (Жамбыл облысы, Тараз қ., Қазыбек би к-сі, 111, 212-офис, БИН 950640000810, Кбе 17, ИИК KZ8594806KZT22031329, «Еуразиялық банк» АҚ-тың Алматы қ. №6 филиалында), ірі мәміле жасау туралы шешімді қоғамның барлық дауыс беруші акцияларын иеленуші Aquila Gold B.V. акционері қабылдағаны жөнінде хабарлайды, оны жасауға Еуразиялық даму банкімен және «Ақбақай КМК» АҚ-пен мүдделілік таныту бар.