29 Тамыз, 2015

Танымал қазақстандықтарға – Достастық наградалары

511 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
ТокаевТәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассам­блеясы қалыптасқан дәстүр бойынша қатысушы мем­лекет­тердің азаматтарын белсенді жұмысы және Достастық­ты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін марапаттап отырады. 2014-2015 жылдары да игі дәстүр жалғасын тапты. Сенат Төр­­ағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынымы бойынша Қазақ­­станның мәдениет, спорт және бұқаралық ақпарат құрал­­­дарының танымал өкілдері ТМД ПАА-ның жоғары мара­па­­тымен атап өтілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. ТМД-ға қатысушы мемле­кет­тердің ортақ мәдени кеңістігін қалыптастыру және дамытудағы елеулі үлесі, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық ­идеясын іске асырғаны үшін Қазақстан Республикасы Ком­позиторлар одағының және Қазақстан музыка қайраткерлері одағының мүшесі Юрий Аравин, әртіс Евгения Василькова, Оңтүстік Қазақстан облыстық драма теат­рының көркемдік жетекшісі Игорь Вербицкий, Қазақстанның ха­лық әртісі Тұңғышбай Жаман­құлов, М.Әуезов атын­дағы Қазақ мемлекеттік академия­лық драма театрының әртісі Шы­нар Жанысбекова, Қостанай облыс­тық орыс драма театрының бас режиссері Александр Лиопа, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Валерий Михайлов, Қазақстанның халық әртісі Нұр­­­­ғали Нүсіпжанов, халықаралық конкурстардың лауреаты Альбина Оганесян, М.Лермонтов атында­ғы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртісі Михаил Токарев, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының әншісі Мейір Байнешов, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Жұмабек Қадырқұлов, Б.Римова атындағы Алматы облыстық драма театрының әртісі Мұса Әжібеков, Теміртау балалар және жасөспірімдер театрының директоры Владимир Дроздецкий, М.Лермонтов атындағы мем­ле­кеттік академиялық орыс драма театрының әртісі Нина Жмеренецкая, Қазақстан Сурет­шілер одағының мүшесі Бәтима Зәуірбекова, Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының директоры Әсия Құрманалина, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, режиссер Болат Ұза­қов, Н.Бекежанов атындағы Қы­зылорда облыстық Қазақ музы­калық-драма театрының көр­кем­дік жетекшісі Әмір-Темір Ху­сейн «Мәдениет және өнерді да­мы­туға сіңірген еңбегі үшін» Құр­метті белгісімен марапатталды. «Егемен Қазақстан» респуб­­ликалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов, «Казах­станская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Александр Тараков, «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Айдос Үкібаев, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Жұмабек Кенжалин, «Егемен Қазақстан» газетінің интернет-редакторы Серік Пірназар, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы Татьяна Костина, «24 kz» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің бас редакторы Инна Малахова,  «Астана» телеарнасының тележүргізушісі Оксана Петерс, «Айқын» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Берік Жүндібаев, «Айқын» газетінің саяси шолушысы Сейсен Ұлықбеков, белгілі журналис­тер Александр Аксютиц, Ерлан Атамбай, Ринат Кертаев және Құрманбек Қазанбасов «Баспа және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» Құрмет белгісімен марапатталды. Бірқатар қазақстандықтар ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде денешынықтыру, спорт және туризмді дамытуға қосқан үлесі, денешынықтыру, спорт және туризм саласындағы ынты­мақтастық идеясын іске асыр­ғаны үшін марапаттарға ие болды. 2014 жылғы Азия пара­лим­пиадалық ойындарында жүзу­ден бес дүркін чемпион Әнуар Ахметов, 2014 жылғы шаңғы фристайлінде жұптасып сырғанаудан әлем кубогының иегері Юлия Галышева, 2012 жылғы Олимпиада ойындарында секіруден чемпион, Азия ойындарында секіруден екі дүркін чемпион, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ольга Рыпакова, халықаралық гроссмейстер, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Стратегия және үйлестіру департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Дәрмен Садуақасов, Қызылжар ауданындағы Новокамен орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Смағұл Ама­нов, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Василий Ахаев, Қызылорда облысы, Арал қаласындағы №62 орта мектептің қосымша білім беру оқытушысы Жанболат Досманбетов, Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауда­нындағы «Жігер» спорт клубы» МККК директоры Асылбек Ищанов, Қазақстан Республикасы үстелдегі теннис федерациясының вице-президенті, жаттықтырушы Евгений Тимченко, «Қазақстан Ба­рысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төр­ағасы Арман Шораев «Денешынық­тыру, спорт және туризмді дамы­туға сіңірген еңбегі үшін» Құр­мет белгісімен марапатталды. Халықтар арасындағы дос­тықты нығайтуға қосқан көп жылғы үлесі үшін Б.Римова атын­дағы Алматы облыстық драма театрының ұжымы және Алматы қаласындағы Н.Сац атындағы мем­лекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер теат­рының ұжымы ТМД ПАА Кеңесінің Құрмет грамотасымен ­марапатталды. «Егемен-ақпарат».