23 Мамыр, 2015

Елбасы қабылдады

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Казкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Марк Хольцманды, басқарма төрағасы Мағжан Әуезовті және директорлар кеңесінің мүшесі Кеңес Рақышевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында елдің банк жүйесін одан әрі дамыту келешегі, сондай-ақ, шағын және орта бизнеске «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, банктің директорлар кеңесінің құрамындағы соңғы өзгерістерге орай елдің ірі инновациялық қаржы институтын құру жөніндегі жаңа стратегиялық міндеттің жүзеге асырылу барысы қаралды.