29 Тамыз, 2015

Сербиямен серіктестікте серпін бар

389 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
МасимовСербия Республикасының Президенті Томислав Николичтің елімізге ресми сапарына орай кеше Астанада екі елдің бизнес өкілдері бас қосқан бизнес-форум болып өтті. Оған Сербия Президентімен қатар Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысты.   Форумда сөйлеген сөзінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстан мен Сербия арасында ынтымақтастықтың әлеуеті зор екендігін атап өтті. «Бiз Сербия тарихы бай және тез дамитын экономикасы бар мем­лекет екенiн бiлемiз. Оның гео­гра­­фия­лық жағдайы, тарихы мен дәс­түрi, Сербия қайрат­­­кер­ле­рiнiң бiрi Әулие Савва Серб­­ский айтқандай, «батыста шығыс болуға, шығыста батыс болуға» мүмкiндiк бердi. Бiздiң мемлекеттерiмiз арасындағы ынты­мақтас­тық әлеуетi өте үлкен. Жан-жақты ынтымақтастықты дамыту үшiн көптеген мүмкiндiктер мен бағыттар бар. Қазақстан Сер­бия­ның өңiрдегi негiзгi және келе­шегі зор сауда және инвес­тиция­лық серiк­тестерiнiң бiрi бола алады. 2015 жыл біздің өзара қарым-қаты­насы­мыз үшін айрық­ша маңызды кезең. Қазақ­­стан дипломатиялық өкіл­дігін Бел­градта ашып, Сербия аза­мат­тары үшін визасыз режім енгізді. Қазақстан ДСҰ мүшесі ретін­­де бизнес үшін қолайлы ортаны қолдау мен дамыту тұрғы­сын­да барлық күш-жігерін салуда», деді Премьер-Министр. Соны­мен қатар, К.Мәсімов еліміз Эконо­ми­калық ынтымақтастық және даму ұйымымен табысты ынты­мақ­­тасып отырғандығын, бұл өз кезе­­гінде халықаралық стандарттар мен үздік әлемдік тәжірибені енгі­­зуге мүмкіндік беретіндігін айтты. «Қазақстанның мақсаты – отыз ең дамыған әлем елдерінің қата­рына кіру. Бұл өз кезегінде біздің индикаторлар мен инвес­тициялық тартымдылықты жақ­сартып, жетілдіру үшін барлық қажетті жұмыстарды атқара­тындығымызды білдіреді», деді Үкімет басшысы. Премьер-Министр сербиялық бизнесті кәсіпкерлер үшін арнайы жасалған барша шаралар мен жеңілдіктерді пайдалануға шақырды. Бұл тұрғыда инфра­құ­рылымды, металлургия, мұнай-газ және химия кешенін, құрылыс материалдары өндірісін айтуға болады. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, сондай-ақ, білім мен адами капи­талды дамыту екі елдің ынтымақ­тас­тығын үдету үшін лайық­ты база бола алатындығын тілге тиек етті. К.Мәсімов Астанадағы ­ЭКС­ПО-2017 көрмесі қарсаңында жаңғырмалы энергия көздерін, инновациялық білімді дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүріп жатқандығын айта келе, осы бағытта жаңа технологиялар мен білім, тәжірибе алмасу серік­тес­­­тер­дің өзара іс-қимылының нәти­­же­сінде жүзеге асатындығын жеткізді. «Біз Сербиямен ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастықты көздеп отырмыз және бұл байланыстар әлемдік экономикадағы барлық сын-қатерлерге төтеп бере алады деген ойдамыз», деді ол. Өз кезегінде Сербия Президенті Томислав Николич Қазақстан Премьер-Министрінің сөзіне қолдау білдірді. «Сiздердің маған Қазақстан­ның бизнес-қауымдастығымен кездесу мүмкiндiгiн ұсынып отыр­ғандарыңызға алғыс бiлдiремiн. Бiздiң елдеріміз бүгінде тығыз саяси қарым-қатынас орнатып отыр. Сербия мен Қазақстанның маңызды сегменттерi бiр-бiрiн толықтырады. Бiр-бiрiмiзден үйре­нетініміз көп. Бүгiн сiздер отыздан аса сербиялық компаниямен танысу мүмкiндiгiне ие бол­дыңыздар», дей келе, Т.Николич құрылыс саласындағы сербиялық компаниялардың көпшiлiгi Қазақстанда бұрыннан жұмыс iстеп келе жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол Сербия ауыл шаруашылығы саласында да біраз тәжірибесімен бөлісе алатынын алға тартты. Сербия астық өңдеудiң заманауи технологиясы мен жоғары санатты материалдар ұсына алады, деді ол. Бұл Қазақстанда астықты екi есе көбейтуге мүмкiндiк бермек. «Сербия экономиканы тұ­рақ­тандыру үшiн барлық жағ­дайды жасады. Сербияға келi­ңiздер. Бiздiң достығымыз бен менiң сөзiм Сербиядағы сенiмдi биз­нес­тiң кепiлi болады. Бiз сiз­дер­­дiң инвес­­тицияларыңыз тиiмдi әр та­бысты болуы үшiн барлы­ғын жасаймыз», дедi Т.Ни­колич. Шын­дығында, Сербия Рес­публикасы құрылыс, құрылыс мате­риалдары индустриясы, энергетика, тау-кен iсi саласында Қазақ­­стан­мен ынтымақтастық орна­туға қызы­ғушылық танытып отыр. Қазақстан-Сербия бизнес-форумы аясында «KAZNEX INVEST» АҚ пен Сербияның Сау­да-өнер­кәсiп палатасы арасын­дағы өзара түсiнiстiк туралы мемо­рандумға және «KAZNEX INVEST» АҚ пен «Energo­tehnika-Juzna Backa d.o.o» арасын­да­ғы өзара түсiнiстiк туралы мемо­рандумға қол қойылды. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».