Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев VІІІ Астана экономикалық форумының екінші жұмыс күні шеңберінде оған қатысушылармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. АҚШ Мемлекеттік хатшысының бас көмекшісі Курт Тонг пен Бақытжан Сағынтаев кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде, сондай-ақ, Орталық Азия өңірінде сауда кедергілерін жою және тұтынушыларды қорғау мәселелерін талқылады. Сол сияқты, тараптар «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасы шеңберіндегі, соның ішінде, шетел компанияларын тарта отырып, мүмкін деген инфрақұрылымдық жобаларға қатысты пікір алмасты. Гарвард университетінің профессоры Кеннет С.Рогофф әлемдік экономика дамуындағы өзгерістерге, сондай-ақ, экономикалық өсу қарқынын сақтау үшін Қазақстан қабылдауы тиіс нақты қадамдарға қатысты өз ойымен бөлісті. Кеннет С.Рогофф пен Бақытжан Сағынтаев AIFC Астана халықаралық қаржы орталығының болашақта жұмыс істеуі және қазақстандық бизнеске мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментіндегі экономикалық даму мәселелері бойынша Бас хатшының ассистенті Ленни Монтьэль кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев реформаларының тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келетінін атап көрсетті. Оның айтуынша, ол мемлекеттік қызмет реформасын, сот жүйесінің салқынқандылығын қарастырып, сонымен бірге, мемлекетті өз азаматтары алдында неғұрлым мөлдір және есеп беретіндей жасайды.
Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше