30 Шілде, 2010

Депутаттық сауалдарға жауапты көзқарас қажет

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен бейнеконференциялық байланыс режімінде Үкімет отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Парламент депутаттары қатысқан отырыс депутаттардың сауалдары мен үндеулерінде көтерілетін көкейкесті мәселелерді мемлекеттік органдардың қарауы мәселесіне арналды. Олардың қатарында өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы (“Жол картасы”), “Бизнестің жол картасы-2020”, ауылдық жерлерде әлеуметтік нысандар, жолдар, ауыз сумен жабдықтау жүйелерін салу, үлескерлер проблемаларын шешу, шағын және орта бизнестің борыштарын қайта құрылымдау сияқты мәселелер бар. Талқылау қорытындысы бойынша, Үкімет басшысы мемлекеттік органдар басшылары мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне Қазақстан Үкіметі атына жолданған депутаттық сауалдарда қозғалған жекелеген мәселелердің шешім табуын жүзеге асыру жөнінен ұйымдастыру шараларын қабылдау туралы нақтылы тапсырмалар берді.