23 Мамыр, 2015

Соны сезім серпіні

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Жастар одағы және Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлықтарының лауреаты ақын, жазушы Әділбек Ыбырайымұлының «Сөз кие­сі» атты әдеби-лирикалы шы­­­­ғармашылық кеші өткен жұмада талдықорғандықтарды әсерлі әлемге енгізе білді. Ал­маты облысының орталық Мәдениет сарайының кіребе­рісіндегі көрмеде тізілген 12 кітап атауы­ның тың да то­сын­­дығы, сахна төрінде автор туын­­дыларынан сыр шерткен бейнежазба – бәрі де жарасымды шыққан.

Әділбек Ыбырайымұлы дүйім жұрттың алдына шығып, парасатты ойын қара сөзбен бір қайырып, сезімге тұнып тұрған өлеңдерін оқығанда, халық ізгі ілтипатын толассыз қол соғумен білдірді. Бес белестің биігіне көте­ріліп, туған жеріне келіп шы­ғармашылық есеп бере білген астаналық азаматты Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев құттықтап, өңір басшысының және ресми тұлғалардың арнайы жолдаған хаттарын оқып берді.

12

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». ТАЛДЫҚОРҒАН. Сурет: writers.kz