БАЙҚОҢЫР. 1 қыркүйек. Айдын Айымбетов ғарышқа Қазақ хандығының 550-жылдығына, Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына арналған тулар мен еліміздің көк байрағын алып ұшады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады. Еліміздегі ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті сақтауда негізгі ұйым болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл, сондай-ақ Конституцияның қабылданғанына да 20 жыл толып отыр. Осы орайда, мен мерейлі мерекелерге байланысты Қазақ хандығының 550-жылдығы мен Ассамблеяның 20-жылдығына арналған туларды және еліміздің көк байрағын ғарышқа алып ұшпақшымын, – деді ғарышкер. Сонымен қатар, Айдынның кенже қызы Даяна әкесіне өзі жақсы көретін ойыншығын тарту еткен. «Өзім өте қатты жақсы көретін ойыншығымды әкеме сыйладым. Ғарыш сапарына аман-есен барып келуін тілеймін. Болашақта мен де ғарышкер болсам деп армандаймын», – дейді Даяна. Ержан Байтілес. Дерек: egemen.kz. Сурет: nur.kz.
Басқа басылымдардан: Жаңа дәуірге аяқ басты
Басылым • Бүгін, 10:30
Отандастарымыз қақтығыс аймағынан эвакуацияланды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Өндіріс • Бүгін, 10:10
Ипотека мөлшерлемесін төмендету уақытша тоқтатылды
Ипотека • Бүгін, 10:05
Қай мамандыққа сұраныс жоғары?
Маман • Бүгін, 10:00