АСТАНА. 18 қазан. Бүгін Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі плей-офф бәсекесінің жеребесі тартылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Аталған шараға іріктеу турнирінде өз тобында үшінші орын алған 8 құрама қатысты. Сонымен құрлық біріншілігіне берілер қалған төрт жолдаманы мына жұптар сарапқа салады:
Украина – Словения
Швеция – Дания
Босния және Герцеговина – Ирландия
Норвегия – Венгрия.
Бұл командалар арасындағы алғашқы ойын 12-14 қарашада ойналса, қарымта кездесу 15-17 қарашаға жоспарланған. Екі матч қорытындысы бойынша жеңіске жеткен құрамалар келесі жылы Францияда өтетін доп додасына жолдама алады.
Аталған Еуропа чемпионаты 2016 жылдың 10 маусымы мен 10 шілдесі аралығында Францияның он қаласында өтеді. Финалдық кезеңнің жеребесі 12 желтоқсанда Парижде тартылады. Қатысушы 24 құрама төрт-төрттен алты топқа бөлінеді. Әр топтан үздік екі команда плей-офф бәсекесіне жолдама алады. Сондай-ақ, үшінші орын алған құрамалардың ішінен жоғары көрсеткішке ие төрт команда да жарысты жалғастырады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: smotrisport.tv.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55