АСТАНА. 23 мамыр. Айфон Ұлыбритания азаматын оқтан аман сақтап қалды. Бұл туралы vesti.ru хабарлады.
Дэниел Кеннеди есімді 25 жастағы Ұлыбритания азаматы бұзақылардың қолынан жапа шеге жаздады. Ол өзіне тап берген 19 жастағы қаскөйлердің қарулы екенін білмеген. Қылмыскерлердің оғынан жігітті төс қалтасындағы айфон телефоны аман сақтап қалды.
Оқиға Ұлыбританияның Уиднес қаласында болған. Чешир графтығындағы қала паркінде серуендеп жүрген Дэниел Кеннеди су құбырының тетігін бұрап, бүкіл ауданды тіршілік көзінен ажыратып тастамақ болған екі жасөспірімді байқап қалады. Кеннеди бұзақыларға ескерту жасайды. Алайда, сотқарлар жігіттің сөзіне ашуланып, оған тарпа бас салған.
«Жас жігіттердің бірі менің сөзімді тыңдап болмастан қалтасынан жылтыраған бір зат алып шықты. Бірер секундтан кейін жарқ еткен оттан көзім шағылысып кетті. Әлдебір күш кеудемді қатты кеп соқты да мен құлап қалдым. Есімді жинағанда ғана бұзақылардың маған қарата оқ атқанын түсіндім», – дейді болған оқиға жайында Дэниел Кеннеди.
Екі баланың әкесі Кеннедиді төс қалтасында тұрған телефоны ажалдан алып қалған. Оқ тура айфонға барып тиген екен. Осының арқасында смартфон жігіттің өмірлік маңызды дене мүшелерін аман сақтап қалды.
Жігітке оқ атқан жасөспірім көп ұзамай қолға түсті. Маусым айында бұзақы сотқа тартылмақ. Тергеу-тексеру кезінде жергілікті билік желіккен жас жігіттің үйінің артындағы ауласында жасырылған қаруды тапты.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: vesti.ru.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше