АСТАНА. 23 мамыр. Ертең теннистен «Үлкен дулыға» санатындағы 4 турнирдің бірі, Франция ашық біріншілігі – «Ролан Гаррос» жарысы басталады. Оған Қазақстан атынан 5 теннисші қатысады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Турнирде әйелдер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Зарина Диас пен Ярослава Шведова және Юлия Путинцевалар бақ сынайды. Ал ерлер бәсекесінде Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев күш сынасады.
Кеше Парижде аталған жарыстың жеребе тарту рәсімі өтіп, бірінші кезеңдегі қарсыластар белгілі болды. Соған сәйкес Зарина алғашқы ойынын Германия теннисшісі Дина Пфиценмайерге қарсы өткізеді. 21 жастағы қазақ қызы бүгінде WTA рейтингінде 32-орында келеді. Сондай-ақ, «Ролан Гаррос» турниріне де 32-теннисші ретінде қатысуда. Ал 23 жастағы Пфиценмайер әлемнің 142-ракеткасы. Екі теннисшінің жолы алғаш рет түйісіп отыр.
Ярослава бірінші кезеңде әлемнің 7-ракеткасы, Сербия спортшысы Ана Ивановичпен ойнайды. Ал Юлия тағы бір Сербия теннисшісі Александра Круничке қарсы кортқа шығады.
Кукушкиннің қарсыласы Израиль сенім артқан Дуди Села болса, Голубев екінші кезең жолдамасын испан Томми Робредомен сарапқа салады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: lidertennis.ru.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше